Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4036 4 пікір 20 Қаңтар, 2021 сағат 12:00

«Не молчи.кз» қазақстандық отбасыларды қалай бұзады?

Батыс елдері гранттық қаржыландыру жүйесінің көмегімен Қазақстанда өздеріне адал үкіметтік емес ұйымдар құратыны барлығына белгілі.

Осылайша, өздеріне адал ұйымдардың көмегімен, қоғамдық талқыға «батыс» идеологиясын енгізеді, ол:

гомосексуалдар – бұл қалыпты жағдай; балаларды жазалауға болмайды; ата-аналар – балаларын түсінбейді; жеңіл есірткі қолдануға болады; жыныс ауыстыруға болады. Болашақта олар бір жынысты неке мен трансгендерлік неке үшін лобби жасап, әрекет етуі әбден ықтимал.

Осы ұйымдардың бірі - «НеМолчи.kz» қозғалысы. Ол Батыс елдері идеологиясының Қазақстандағы жаршысы ретінде танымал.

Осылайша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы жаңа заң жобасында «НеМолчи.kz» мыналарды ұсынады:

- кішігірім тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту;

- балаларды отбасыдан тартып алу;

- әйелі полицияға хаттама толтырып, күйеуін үйден қуып жібере алады;

- күйеуі әйелімен ұрысып қалған жағдайда, күйеуі психиатриялық емделуге мәжбүр болады;

- балалар ата-аналарына қарсы өтініш жаза алады.

Әрине, бұл заң жобасына көпшілік наразы болды.

Әсіресе – көпбалалы аналар. Бір үйде 7-8 баланы бұйрық пен айқайсыз өсіру мүмкін емес екенін олардан артық ешкім білмейді. Сәйкесінше, жаңа заң жобасының арқасында, тәрбиелік жұмыс жүргізген анасы «психологиялық зорлық-зомбылық» жасағаны үшін балаларынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, көптеген жағдайда көпбалалы отбасылар тар пәтерлерде тұратыны құпия емес. Жаңа заң жобасына сәйкес, үйдегі әр балаға арналған шаршы метр саны жеткіліксіз болса, әлеуметтік қызметтер бұл отбасыны бақылауға алады.

Бірақ Дина Тансари көпбалалы ана емес, ол көпбалалы отбасын тәрбиелеудің барлық қиындықтарын қайдан білсін?! Сондықтан ол Батыс заңдарын айнытпай көшіріп, отбасыдан басталатын қазақ қоғамының болашағына балта шаппақшы.

Сонымен, жаңа заң жобасы өте оғаш әрі қисынсыз құжат болып шықты. Заң жобасы ата-аналар мен қоғам мүшелерінің қатысуынсыз жазылғаны анық. Мұндай заң жобасын қабылдау – ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді, қазақстандық отбасыларымызды бұзып, демографиялық регресске алып келеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499