Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 2465 2 пікір 19 Қаңтар, 2021 сағат 10:47

Сегіз министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты сегіз министрліктің жаухатшыларын қызметтерінен босатты. 

Мемлекет басшысының өкімімен:

Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жауапты хатшылар институтын таратуды бұйырып, олардың міндеттерін министрлердің аппарат басшыларына жүктеген болатын.

Abai.kz

2 пікір