Жұма, 19 Сәуір 2024
Анық 6964 5 пікір 18 Қаңтар, 2021 сағат 11:27

Қазақстан кімдерге қарыз?

Қазақ елінің өткен жыл қорытындысы бойынша сыртқы қарызы 2%-ға өскенін бәріміз білеміз. Ұлттық банк дерегі бойынша 2020 жылдың қазанында қарызымыз 160,9 млрд долларға жеткен. Яғни 2019 жылға қарағанда $3,2 млрд-қа артқан. 

Осы аралықта Қазақстанның Алманияға борышы $2 млрд-қа жетіп, 73,3%-ға, Гонконгқа берешегі $4,2 млрд болып, 23,5%-ға артқан. Керісінше, АҚШ пен Францияға қарызы – 0,7% және 0,5% кеміген.

Бұдан бөлек еліміз берешегін Ұлыбритания мен халықаралық ұйымдар бойынша 5%-ға БАӘ – 4,5%, Жапонияға – 1,7%, Ресейге – 1,1% және Қытайға – 1%-ға қысқарта алды. 

Енді lsm.kz жасаған инфографикаға көз жіберейік.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

5 пікір