Жұма, 26 Сәуір 2024
3473 14 пікір 14 Қаңтар, 2021 сағат 13:01

Дональд Трампқа импичмент жарияланады

АҚШ Өкілдер палатасы президент Дональд Трампқа «бүлікке шақыру бабы» бойынша импичмент жариялады. Ол АҚШ тарихындағы екі рет импичмент жарияланған жалғыз президент болды.

Резолюцияда Трамптың әрекеттері «ауыр қылмыстар мен теріс қылықтар» туралы конституциялық тұжырымдамамен сәйкес келеді, ол үшін президентке импичмент жариялауға болатындығы айтылған.

Конгресстің дауыс беруі арқылы 222 демократ импичмент талабын қолдады. Республикашылардың 197-і қарсы дауыс берді, бірақ 10 партия мүшесі саяси қарсыластарының Трампты отставкаға кетіру туралы талабын қолдады.

Трампты биліктен мерзімінен бұрын кетіру үшін оны Сенаттағы процестің қорытындылары бойынша соттау керек, дегенмен республикашылдар әзірге сенатты 20 қаңтарда Джо Байденнің инаугурациясына дейін демалысқа шығаруға келіскен жоқ.

Кейінірек, Сенат Трамптың импичменті туралы үкімін оның 20 қаңтардағы президенттік мерзімі аяқталғанға дейін шығармайтыны белгілі болды.

«Сенат процесі осы аптада басталып, тез жұмыс істеген күннің өзінде, президент Трамп қызметінен кетер алдында түпкілікті үкім болмас еді. Бұл мен қабылдаған шешім емес, бұл факт», - деді республикашыл сенаттың жетекшісі Митч МакКоннелл.

Оның айтуынша, Трамп мерзімінің қалған жеті күнінде «әділ және байыпты» сот ісін жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Айта кетейік, 6 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй маңында өткен митингіде жақтастарын Конгресс мақұлдаған сайлау нәтижелеріне қарсы Капитолийге баруға шақырды. Трамптың жақтастарының көпшілігі АҚШ Капитолийін қоршауға алып, ғимаратқа кіріп, Конгресстің бірлескен отырысын үзіп тастаған.

Қақтығыс салдарынан бес адам қаза тапты.

Abai.kz

14 пікір