Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3511 8 пікір 13 Қаңтар, 2021 сағат 13:43

Үмітім «Ауылда» еді...

Биылғы сайлау науқанына ешбір елең етіп, көңіл бөлмедім. Біздегі өтетін сайлауда қандай партияның ең көп дауыс алатыны, жеңіске жететіні алдын ала белгілі. Белгілі нәрсенің еш қызығы жоқ.

Жалғыз ғана әлсіз үмітім «Ауыл» партиясы еді. Бұрын-соңды тозып кеткен ауыл үшін пәлендей іс тындырмаса да, сайлауға дейін бар-жоғы білінбесе де, әйтеуір «Ауыл» деген аты бар ғой, сайлаудан соң бір тірлік нышанын көрсетер, ұйқылы-ояу жүре бермес деген көмескі үмітпен дауысымды өзге партиялардың ешқайсысына емес, тек «Ауыл» партиясына бердім. Сөйткен «Ауыл» бес пайыздан сәл асатын дауыспен көш соңында қалды.

Таң қалмасқа амалым жоқ. Екі қазақтың бірімен сөйлесе қалсаң, «ауыл тозып барады» деп қабырғасы қайыса күрсінеді. Ал «Ауылды» қолдаған дауыс саны мынау... Жалғыз «Ауыл» емес, сайлау алдындағы бағдарламаларында «ауылды көркейтеміз» деген уәдені осы додаға түскен партияның бәрі де үйіп-төкті. Бұл тамыры ауылда жатқан сайлаушылардың көңілін аулағаны ғой. Ауылдың мүшкіл жағдайы сайлауға түсетін партиялардың насихаттық «айырбас ақшасына» айналып шыға келді.

Қалада дүниеге келсем де, балалық шағым өткен, ата-бабамның тамыры тарқаған ауыл жалғыз маған емес, барша қазаққа ерекше ыстық шығар. Бірақ мына сайлауда ондай сезімнің нышанын көре алмадым да, қайран қалдым. Жәшікке «Ауыл» үшін дауыс қағазын тастау соншама қиын ба еді?

Дегенмен, Парламентте отырмаса да, «Ауыл» партиясының сайлау алдындағы уәделерін шама-шарқынша орындауына, белсенділік танытып, халық арасында беделге ие болуына еш кедергі жоқ.

Марат Ермұқанов 

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606