Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Күбіртке 8520 8 пікір 12 Қаңтар, 2021 сағат 12:59

Ел шекарасын қазақ тілділер қорғай алмай ма?

Көрші елдің жерімізге көз алартуы Ресеймен екі арадағы шекараны бекемдеуге ел үкіметін шұғыл кірістірді. 7 қаңтарда ҚР әскери ғылымдар Академиясының президенті Мұхтар Серікбаев Facebook парақшасында орыс тілінде Қостанай облысы бойынша жалақасы 200 мың теңге көлемінде үй жаймен толық қамтамасыз ететін әскери қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың басталғанын мәлімдеді.

Парақшадағы сөзге сенер болсақ, мемлекеттік шекараның жеке құрамаларын қайыра жасақтау Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен жүзеге асып жатыр екен. 

Қызметке әскер қатарында болған және әскери техникалық мектепті бітірген 32 жасқа дейінгі азаматтар қабылданады. Және шекара әскерінде қызмет еткендердің  47 жаста зейнеткерлікке шығатындығы да сөз етіледі. Қайда қызмет ететіні және жасалатын жеңілдіктер егжей-тегжей сөз болады.

Бірақ толық мәлімет тек орыс тілінде ғана берілігені көңілді қынжылтты. Сонда қазақ тілділер елін қорғай алмай ма?! Әлде тағыда тек орыс тілді отандастарымымызды ғана жұмыспен қамту үшін жасалып жатқан аярлық па деген қос сауал көңілді күпті етеді.

Оның үстіне ҚР әскери ғылымдар Академиясының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы тек орыс тілінде ғана ақпарат тарататын секілді. Аталған парақшадан мемлекеттік тілде жазылған бірде-бір ақпарат таба алмадық. 

Сонымен қатар, Академия президенті Мұхтар Серікбаевтың парақшасынан да мемлекеттік тілдегі ақпарат кезіктірген жоқпыз. Біз сөз етіп отырған әскери қызметкер қабылдау жайлы хабарламанының да қазақшасы жоқ. 

Сонымен әскерлер арасында тек өзге елдің мемлекеттік тілінде ғана сөйлейтіндердің асығы алшысынан түсетін күннен қашан құтыламыз? деген өксікті сауал көкіректі тырмалайды. Үміт тек жаңа сайланып жатқан депутаттық корпуста. Осы жолы олар сайлана сала бірден «Ел Қорғаны болар» әскерлерді орыс тілді бір тілділіктен біржола арылтатын, мемлекеттік тілді білмейтіндерді қызметтен босататын заң қабылдатар деген ойдамыз. 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525