Жұма, 22 Қаңтар 2021
Өзгелер 2349 4 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 18:23

Садыр Жапаров Қырғыздың алтыншы президенті

Қырғызстан БШК-сының (бізше ОСК) төрайымы Нұржан Шайлдабекова Президент сайлауының алдын ала есептеулерін жариялапты. Ол бойынша Садыр Жапаров өзге қарсыластарын 79,18 пайызбен ұтқан. Екінші орында Адахан Мадумаров тұр. Ол сайлаушылардың 6,70 пайыз дауысын алған.

Референдум бойынша электораттың 81,29 пайызы «Президенттік басқару жүйесін» таңдаған. «Парламенттік басқару жүйесін» қолдағандар – 10,85 пайыз. Бұл екі нұсқаға да қарсы болғандар – 4,43 пайыз.

Байқаушылар бұл сайлауда электорат белсенділігінің төмен болғанын айтады. Жалпы 3 миллион 563 мың сайлаушы тіркелсе, БШК мәліметінше, солардың 39 пайызы ғана сайлауға келіп дауыс берген. Шет елдердегі қырғызстандықтар үшін 48 сайлау учаскесі жұмыс істеген. Қырғызстанның Орталық сайау комиссиясы бұл есептеулердің соңғы қорытынды емес екенін, алайда, соңғы нәтиже осы көрсеткіштердің төңірегінде болатынын айтқан.

Сонымен, Садыр Жапаров әне-міне дегенше Қырғызстан тарихындағы алтыншы сайланған президент атанбақ. Жапаров 52 жаста. Ол қазан айындағы Парламент сайлауынан кейін болған «төңкеріс» кезінде түрмеден босатылып, Үкімет басшысы және Президент міндетін атқарушы болып таңдалған.

Я взял весь удар на себя». Садыр Жапаров рассказал, что сам решил присвоить Жээнбекову статус экс-президента – Новости из Кыргызстана – АКИpress

Өткен жылдың қазанында өткен Парламент сайлауынан кейінгі жалпыхалықтық наразылықтардан соң Қырғызстан президенті Жээнбеков бастап, түгел аппараты, премьер-министр бастап, Үкімет мүшелері, қолында құзыреті бар билік органдарының біраз басшылары доғарысқа кетті. Билік тізгінін едел-жеделде осы Садыр Жапаров ұстап, елдегі жемқорлықпен күресіп, Үкімет жұмысын ашық етуге уәде берген.

Жапаров. Жетим-Тоо. Қытай қарызы

Қараша айында Садыр Жапаров Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы өкілеттігін тоқтатып, Президент сайлауына үміткер ретінде қатысатынын мәлімдеген.

«ВВС-дің» қырғыз қызметі: «Жапаровтың алдында үлкен мәселелер тұр. Пандемиядан кейін елдің экономикасы 12 пайызға құлап, сыртқы қарызы өскен. 2020 жылдың қарашасындағы дерек бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы – 4 млрд 886 млн доллар болса, ішкі қарызы – 669 млн долларды құраған. Сырттан алынған несиені қайтарудың шектік мерзімі 2023 жылдан 2030 жылға дейін деп есептелген.

Қарызға байланысты мәселеде Садыр Жапаров Жетим-Тоо кенін игеріп, одан түскен ақшамен Қытай қарызын жабуға болатынын айтқан. Сол үшін де қоғамның үлкен сынына қалған.

Жетим-Тоо кен орны осы сайлау кезіндегі ең көп талқыланған тақырыптардың бірі болды. БАҚ-та: «Садыр Жапаров Жетим-Тоо кенін Қытайға сатпақ екен», деген сөз тарады. Ал қарсыластары Жапаровты: «Қытайдың мүддесін қолдайды», деп айыптаған», - деп жазыпты.

2019 жылғы дерек бойынша, Қырғызстанның әрбір бесінші азаматы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніңіз – 1,3 миллион қызғызстандық күніне 1,5 долларға тіршілік етуде деген сөз. Бұл да қырғыздың өз ақпараты (ВВС сайты). Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетінің айтуынша, егер шетелдегі еңбек мигранттары (қырғыз азаматтары) елге ақша әкелмегенде, халықтың 30 пайызы кедейшілік шегіне түскендей екен. Биылғы пандемияға байланысты осы шетелден келетін ақша күрт қысқарған. Қырғыз Ұлттық банкі: «Бұл санаттағы түсімдер 19 пайызға қысқарды», - деп мәлімдепті.

Ал Жапаровтың командасы бұл тығырықтан Қырғызстанның Бас Конституциясын ауыстыру арқылы шыққысы келетін көрінеді. Сол үшін де, кешелі-бері Қырғызстан азаматтары Президент сайлауымен қатар Референдум өткізу үшін де дауыс беріп жатыр.

Осы сайлауда Садыр Жапаровтың басты қарсыласы болған Адахан Мадумаров сайлау нәтижелерімен келіспейтінін айтқан.

Біз шындық үшін күресеміз

Мадумаров Адахан Кимсанбаевич — биография

Адахан Мадумаров, Президенттікке үміткер:

- Біз заңдылық үшін күресеміз. Басқа үміткерлермен жолығып, олармен бірге бір шешімге келеміз. Бір үміткерге 700 мыңдай адамның дауыс беруі шындыққа жанаспайды. Мен өз құқығымды митинг арқылы қорғамаймын, мен заң жолымен шешемін.

Ал Қырғыз саясатшысы Феликс Кулов Жапаров жеңген күнің өзінде, мамыр айында тағы да сайлау өтуі керек деп есептейді.

Мамырда қайта сайлау өтуі керек!

Феликс Кулов: Повторения двух предыдущих революций в Киргизии не будет — Новости политики, Новости Азии — EADaily

Феликс Кулов, Қырғыз саясатшысы:

- Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Президенттің құқық-құзыреті автоматты түрде кеңейтілмейді. Демек, қайта сайлануы керек.

Садыр Жапаров Парламенттің жартысы бір мандатты жүйемен, қалған жартысы партиялық тізіммен сайланатынын, Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 90-ға дейін қысқаратынын айтты. Демек, 45 депутат партиялық тізіммен сайланады. Ол дегеніңіз – Жоғарғы Кеңеске 2 партия ғана өтеді деген сөз. Олардың өзі билікшіл партиялар болмақ. Ал қалған 45-і негізінен олигархтардың адамы болады. 

Май айында қайтадан Парламент және Президенттік сайлау өтеді. Мұны Садыр Жапаровтың өзі де айтып отыр.

Жапаров жаңа есім емес

Садыр Жапаров

Жапаров Қырғыз саясатындағы жаңа есім емес. Оның саяси карьерасы 2005 жылы басталған. Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланған. Құрманбек Бакиевтің президенттігі тұсында кеңесші болған. Кейін жемқорлықпен күрес агенттігінде комиссар болып істеген.

Оның танымалдылығы былтырғы қазан төңкерісі кезінде арта түсті. Биліктен көңілі қалған ел Жапаровты қолдаған. Ел оны әділетті, тұрмыс тауқыметін көрген саясаткер ретінде таниды. Ол түрмеде отырған уақта: «Жапаров өзіне-өзі қол салыпты», деген ақпарат тараған. Кейін сол қамауда отырған кезінде ата-анасы мен ұлы қаза тапқан.

Алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы президент сайлауында алда келе жатқан Садыр Жапаровты «сайлаудағы жеңісімен» құттықтады.

Ақорда таратқан ресми хабарламада Тоқаевтың Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғаны, Жапаровтың президент ретінде алғашқы сапарын Қазақстаннан бастайтыны айтылған.

Abai.kz

4 пікір