Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3012 0 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 15:06

Сайлау комиссияларының мүшелері оқшауланады

ШҚО бойынша бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев 2021 жылғы 10-қаңтардағы қаулысымен  сайлау комиссияларының мүшелерін 72 сағат мерзімге үйде оқшаулауға жіберуді міндеттеді. 

«Сайлау комиссияларының мүшелері профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингент болып айқындалсын және 72 сағат мерзімге үйде оқшаулансын (үй карантині)» делінген құжатта.

Сайлау комиссиясы мүшелері 72 сағат өткеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 бақылау тестілеуінен өтеді. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына оларды үш тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауына алып, соңынан ПТР әдісімен тестілеу жүктелді. 

Бұл шара тұрғындар арасында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр. Шығыс өңірі жуықта ғана «жасыл» аймаққа өткенін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда облыс бойынша инфекцияның репродуктивті мәні R–0,95 құрайды, ал CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қоры 7% - ға толтырылған.

Айна Ескенқызы

Abai.kz

0 пікір