Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2657 0 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 14:08

ҰҚШҰ ПА миссиясы: Сайлау халықаралық нормаларға сәйкес өтті

Шағымдар мен бұзушылықтарсыз. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларының қорытынды мәлімдемесі. Сайлау қорытындысына арналған брифингте РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Баир Жамсуев өз әріптестерінің пікірін жеткізді.

«Біздің делегация мүшелері учаскелік комиссияларға барған кезде сайлаушылардан ешқандай ескертулер мен шағымдар түскен жоқ. Бір күн бұрын біз барлық саяси партиялардың штаб өкілдерімен кездестік. Әңгіме барысында сайлау комиссияларының жұмысына, сайлау науқанының жұмысына мемлекеттік билік органдары тарапынан араласуға қатысты бірде-бір шағым айтылған жоқ.

Сондықтан жұмысымыздың қорытындысы бойынша қараған қорытынды мәлімдемемізде бірде-бір бұзушылықты немесе шағымды көрсеткен жоқпыз. Миссияда тек Ресей Федерациясының ғана емес, Армения, Тәжікстан, Беларусь, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясына кіретін барлық мемлекеттердің өкілдері жұмыс істеді. Біздің миссиямыз сайлау халықаралық нормаларға және Қазақстанның сайлау туралы ұлттық заңнамасына қатаң сәйкестікте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті деп бағалайды», - деп түйіндеді миссия өкілі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584