Жұма, 29 Наурыз 2024
Әне, көрдің бе? 3758 2 пікір 11 Қаңтар, 2021 сағат 10:55

Қазақстанның сыртқы қарызы 161 миллиард доллар!

Соңғы бес жылда Қазақстанның сыртқы қарызы 4,6 миллиард долларға өсіп, $161 миллиард-ға жеткен. Бұл туралы LS сайты жазды.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның қарызы $ 159,8 млрд болған. Ал, 2015 жылдың дәл осы күнінде - $ 155,2 млрд-ды құрапты. Осылайша, бес жыл ішінде сыртқы қарыз 3% -ға немесе 4,6 млрд долларға өскен.

Ал, 2020 жылдың қазан айының басында елдің сыртқы міндеттемелері 160,9 миллиард доллар болса, 2019 жылдың дәл осы күнінде - 157,6 миллиард долларды құрап 2,1% артқан.

Ең көп қарыз Нидерландыға тиесілі - 44,8 миллиард доллар (2015 жылы 43,1 миллиард доллар болған).

Сонымен қатар, Бермуд аралдары алдындағы қарыз 12,6 есе өсіп, 9,5 млрд долларға дейін жеткен. БАӘ-ге қарыз көлемі - 262% -ға жоғарылап, 2,1 млрд долларға дейін, Германия - 98% -ға - 1,9 млрд долларға дейін өскен.

Ресей алдындағы қарыз көлемі де ұлғайған. Бүгінде солтүстіктегі көршіміздің алдындағы берешек 34,3%-ға өсіпті.

Швейцарияға - 21,4% және халықаралық ұйымдар алдындағы қарыз - 15,1%-ке ұлғайған.

Сондай-ақ, Ұлттық банк бес жыл ішінде Қазақстан Вирджиния аралдарындағы міндеттемелерді - 27%, Оңтүстік Корея мен Қытай - 25% және Гонконг - 19,6% азайтқанын айтты.

Көрсеткішке сәйкес, компанияаралық қарыздарға - $101,4 млрд.тиесілі. Қарыздың көп бөлігін де осылар құрайды. Басқа секторлардың қарызы 41,06 миллиард доллар, Мемлекеттік басқару органдары - 12,4 млрд.доллар, банктердің сыртқы қарызы 13 пайызға артып, 5,2 млрд доллар болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584