Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ел іші... 8662 28 пікір 10 Қаңтар, 2021 сағат 13:56

Үкімет отставкасы. Жаңа Үкіметті кім басқарады?

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Үкімет отставкаға кетеді

Тоқаевтың айтуынша, сайлау өткеннен кейін Заңға сәйкес Үкімет отставкаға кетуі тиіс.

«Үкіметке қатысты айтар болсам, біздің заңнамамызға сәйкес, ол отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін, таяу уақытта Премьер-Министрдің, сонымен қатар Үкімет мүшелерінің кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамымен, фракция басшыларымен кеңесу үшін Парламентке барамын. Сіздер жедел ақпарат аласыздар деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті.

Парламентте әртүрлі партиялар болуы тиіс

Одан бөлек Мемлекет басшысы Парламентте әртүрлі партиялар болуы тиіс екенідігіне тоқталған.

«Әр сайлау - азаматтық батылдыққа маңызды емтихан. Біздің Парламентте әр түрлі партия болады деп қатты үміттенемін. Еліміздің болашағы, тағдыры туралы Парламентте пікірталастар болуы керек, бұл бірінші. Екіншіден, парламент өте сапалы заңдар қабылдауы керек»,- деді ол.

Айта кетейік, бұл саяси додаға 5 партия қатысып жатыр. Олар: экс-президент Н.Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы, Азат Перуашев басшылық ететін  «Ақ жол» партиясы, Әли Бектаевтың «Ауыл» партиясы, Серік Сұлтанғали басқаратын «Адал» партиясы  және Айқын Қоңыровтың «Қазақстан халық партиясы».

Президенттің айтуынша бұл сайлауда барлық кандидатқа теңдей мүмкіндік берілген.

Наразылыққа шыққандарға ешқандай репрессив шаралар қабылданбайды

Сонымен қатар Тоқаев сайлауға қарсы наразылық білдірген азаматтар туралы да ойын айтты.

«Менің ойымша, наразы көңіл-күйлер әлемнің барлық елінде бар. Сондықтан полицияға келетін болсақ, ол заңға сәйкес қатаң әрекет етеді. Сіз айтқандай, наразылық көңіл-күйіне қатысты ешқандай репрессив шаралар қабылданбайды. Тағы да қайталаймын: біздің құқық қорғау органдарымыз біздің заңнамаға сәйкес жұмыс істейді», - деді Президент.

Тоқаев 15 қаңтарда үндеу жасайды

Оның айтуынша, саяси реформалар әлі де жалғасады. Сондықтан да ол 15 қаңтар күні Парламентте үндеу жасамақ.

«Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте байыпты әңгіме болады», - деді Мемлекет басшысы.

Тақырыпқа тұздық:

Бүгін президент Тоқаев сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетуі керектігін айтты. Әсілінде, Заң бойынша да солай болуы керек-ті.

Сонымен, Үкіметтің қазіргі құрамы қандай?

Асқан Мамин, ҚР Премьер-министрі,

Әлихан Смаилов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары,

Ералы Тоғжанов, Премьер-министрдің орынбасары,

Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары,

Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министр Кеңсесінің басшысы,

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі,

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі,

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі,

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі,

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылық министрі,

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі,

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі,

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі,

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі,

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі,

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі,

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі,

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі,

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі,

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министорі,

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі.

Бүгін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталады. Қорытынды есеп жарияланады. Содан кейін, Үкімет толық құрамда отставкаға кетіп, орнына жаңа Үкімет жасақталуы тиіс.

Талқы үшін сұрақ: Үкімет құрамы қалай өзгереді? Үкіметті енді кім басқаруы мүмкін? Жаңа Үкіметтің құрамына жуырда отставкаға кететін Үкіметтің мүшелері қайтып орала ма? Сіз не дейсіз, мәртебелі оқыман?

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499