Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4389 0 пікір 27 Ақпан, 2012 сағат 04:19

Мұнайдар БАЛМОЛДА. «... Бүкіл өмір – баспана іздеу басыңа»

«Аштықта жеген құйқаны тоқтықта ұмытпа» депті атам қазақ. Бірақ біздің қоғамда аштықта жеген құйқаның дәмін ұмытып кету өріс алып барады десем ақиқаттан аса қиыс кетпейтін шығармын деп ойлаймын. Кеше үйсіз-күйсіз жүрген талай отандастарымыз бүгінде баспаналы болып, жұрт қатарына қосылып жатыр. Бұрын кеңес одағы кезінде біздің ұлттың ұл-қызын қалаға жолатпауға тырысқан саясат жүрді. Жер-жерде шопандар бригадасы құрылып, мектеп бітірген бойда науқаншыл ұранмен алдап, даладан далаға қуды. Небір дарынды жастарымыз жоғарғы оқу орындарына барудың орнына таяқ ұстап, далада қала берді. Олардың дені қаланы түсінде көрмесе, өңінде көрместен қой соңында жүріп қартайды. Бұл бағыттағы ойды сабақтай берсең тым әріге кетуге болады. Осы тұстан аттың басын айтар ойдың сүрлеуіне бұрайын.

Сонымен арман қуып, ауылдан әйтүп-бүйтіп қала асқан қазақ баласы (әсіресе, 1960-1970 жылдары туған біздің буын) он-жиырма жылдай әр кімнің босағасында тентіреп жүріп, тәуелсіздік алған кезеңде ғана баспанаға қолы жетті. Ал бұған шейін:

Тағдыр тағы тайталасты тектімен,

Үйсіз, күйсіз жүрген қазақ көп білем.

Жылтыраған киім киіп алсақ та,

Қырық жамау көңіліміз өксіген.

 

Жетімбұрыш жағалаған байғұспын,

Жанбай жатып, қаймақ емес, қайғы іштім.

Жылар кезде жанарымнан жас ақпай,

Көкіректен көсеп-көсеп жай құстым.

 

«Аштықта жеген құйқаны тоқтықта ұмытпа» депті атам қазақ. Бірақ біздің қоғамда аштықта жеген құйқаның дәмін ұмытып кету өріс алып барады десем ақиқаттан аса қиыс кетпейтін шығармын деп ойлаймын. Кеше үйсіз-күйсіз жүрген талай отандастарымыз бүгінде баспаналы болып, жұрт қатарына қосылып жатыр. Бұрын кеңес одағы кезінде біздің ұлттың ұл-қызын қалаға жолатпауға тырысқан саясат жүрді. Жер-жерде шопандар бригадасы құрылып, мектеп бітірген бойда науқаншыл ұранмен алдап, даладан далаға қуды. Небір дарынды жастарымыз жоғарғы оқу орындарына барудың орнына таяқ ұстап, далада қала берді. Олардың дені қаланы түсінде көрмесе, өңінде көрместен қой соңында жүріп қартайды. Бұл бағыттағы ойды сабақтай берсең тым әріге кетуге болады. Осы тұстан аттың басын айтар ойдың сүрлеуіне бұрайын.

Сонымен арман қуып, ауылдан әйтүп-бүйтіп қала асқан қазақ баласы (әсіресе, 1960-1970 жылдары туған біздің буын) он-жиырма жылдай әр кімнің босағасында тентіреп жүріп, тәуелсіздік алған кезеңде ғана баспанаға қолы жетті. Ал бұған шейін:

Тағдыр тағы тайталасты тектімен,

Үйсіз, күйсіз жүрген қазақ көп білем.

Жылтыраған киім киіп алсақ та,

Қырық жамау көңіліміз өксіген.

 

Жетімбұрыш жағалаған байғұспын,

Жанбай жатып, қаймақ емес, қайғы іштім.

Жылар кезде жанарымнан жас ақпай,

Көкіректен көсеп-көсеп жай құстым.

 

Алғы күнім бұлың-бұлың бұлыңғыр,

Негізінде көпке жаймас сырым бұл.

Кісі есігін сағаламай өтер ем,

Табылса егер тас дәуіргі бір үңгір.

 

Зәулім үйді тілегім жоқ дәметіп,

Тентірерміз, тозар әлі сан есік.

О, заман-ай, өз жерімде жетіммін,

Қойғаны-ай, баспанаға зар етіп...-деп күн кештік. «Тас дәуіргі бір үңгір» демекші, адам баласына қай заманда да пана керек. Бірақ қыр қазағын қала жатырқады, жатсынды, өгей көрді. Есімде, ағам Оралдың пединститутында оқып жүргенде үйленіп, зайыбы екеуі жалға пәтер іздеп, табандарын тоздырғаны. Сонда олардың алдынан: «Ребенок есть?» деген сұрақ шығыпты. Аға-жеңгем: «...өзіміз ғана» десе, пәтер иесі: «А, тогда кошма есть?» деп екінші бір сұрағын қояды. «Кошма» дегені қазақтың киізі ғой, әрине бар деп ағынан жарылғанда осы жер ата-бабасынан мұра болып қалғандай әлгі көк көз кәрі-құртаңдар қақпаларын тарс жауып, сөйлеспей бұрылып жүре береді екен. Қыс мезгілі. Қайда барсын. Осылай біраз таяқ жеген соң айлаға басып, «бала да киіз де жоқ» деп ақыры жаман сарайға енеді. Түнде киіздерін кіргізіп, үстін паласпен жауып, жан сақтайды.

Бұл өткен шақ. Алайда қара нанға маргарин жағып жеп, қара шай ішіп, ашқұрсағын алдаған студенттік өмірдің мұндай қиындықтары қазіргі жастардың басында жоқ. Соған қуанасың. Жалдаса, барлық жағдайы жасалған көп қабатты үйлерді таңдайды. Жатақханаға жататындары аз. Ондағы жағдай да бұрынғымен салыстырғанда керім жақсарып қалған. Енді ұлт баласына қолжетімді баспана ұсынатын күнге де жеттік. Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауынан білгеніміздей жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етілуі керектігі және баса айтылды. Үкіметке тапсырма берілді. «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы түзілуде. Қазақстанды елім-жерім деп білетін ұл-қыздарға жол ашылуда, бұдан артық не керек дейсің? Осының бәрі тәуелсіздігіміздің арқасы екенін естен шығармай еңбек ету әр қазақстандыққа ең басты борыш. Кей ортада: «Қазақстан маған не береді?» дегенді құлағың шалып қалады. Көкем-ау, керісінше: «Еліме мен не бердім, не беремін?» демейсің бе? Мәселен, телеарнада қазақ пен өзгенің футболшылары ойнап жатса, кейбір қаракөз жастар өз командасына емес, өзгеге болысады, соның жанкүйері болып кісіні тірідей күйдіреді. «Сен неге Қазақстан командасына жанкүйер емессің?» десең, «Оның ішінде қазақ көріп тұрсың ба?» деп жанды жеріңнен ұстайды... Рас, футбол болсын, садақ ату, суға жүзу тағы басқа спортта, тіпті спортта ғана емес-ау өзге де салаларда өз қандастарымыз некенсаяқ, жетпей жатыр, жеткен күннің өзінде де қазақтың оң жамбасына келмейтін спортқа зорлап қосқаның бәйге алмайды. Сондықтан елдің мәртебесі көтеріліп, намысы қор болмауы үшін өзге ұлт өкілдері Қазақстан атын шығарып жатса, қуана білу -  ынтымаққа тірек, қазақстандық ортақ рухқа тамыздық емес пе? Сол елдік мерей, сол ұлттық, қазақстандық мақтаныш үшін «өй, бұл өзімізден емес» деп менсінбей, бөгдеге «сатқын жанкүйер» болғанша, өзің бірдеңе қылсайшы. «Астана арландарындағы» қазақтар әлемнің мықтыларын жеңіп, ойсыратып жүргені ақсап жатқан тұстарымыздың орнын толтырмаса да көкейіңе «Мен Қазақпын!» рухын тұтатпайды ма? Әнұраның шалқып, көк туың желбірегенде шаттанбаған жүрек ұлы сезімнен садаға кетсін!.. Бірді айтып, бірге көшсек те негізгі әңгімеден ауытқымадық дер едім. Себебі, басында баспанасы бар адам ғана өзгемен тең дәрежеде сөйлесіп, өзін ар алдында шын адам ретінде сезіне алады.

Баспана мәселесі осылай шешіле берсе, онда сапалы, дені сау ұрпақ туып, тектілік тамыры үзілмейді. Жұмыс сапасы артып, жастар басына үй берген үкіметіне беріліп еңбек етеді. Оның баласы жаутаңкөз болып өспейді, үй-ішінің жылуы оны дұрыс адам қылады. «Отан - отбасынан басталады», «Отбасы - шағын мемлекет» дегенді айтқан ата-бабамызды көбіне көшіп-қонып жүрген, белгілі бір тұрағы жоқ қылып көрсету әлі күнге жалғасып келеді. Ақиқаты солай ма? Қазақ - көшпенді. Бірақ ол тура сол мағынаны білдірмейді ғой, қазақ байтақ жерге ие болған соң соны малымен, жанымен толық игерген, күзеткен, оған көшіп-қонып жүруге тура келген. Сөйте жүріп егін салған, қала мәдениетін дамытқан. Бақшасы да моншасы да болған. Өркениеті гүлдеген. Оның бәрі тарих топырағының астында қалып, бүгін айтсаң аңыз боп естіледі. Енді жиырма бірінші ғасырда сол үзілген өркениеттің өзегін қайта жалғап, шаһарларымызды өсіріп, елді мекендерді дамыту бізге басты мақсат болып отыр. Мұны түсінбеген құлақ, мұны ескермеген кісі көкірек көзі не бітеу, не әлгі «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген мыстан батасын алған біреу. Ұзын сөздің ырғасы бүгінгі қазақ жастарына екі дүниенің шаруасын білек сыбанып істеп, Отанның адал перзенті болуға ұмтылу міндет.

Осылай ақ көңіліңмен ақылыңды айтасың-ау, алайда осындай жақсы сөзімізді шайып кетіп жатқан бір жамандық бар, аты өшкір жемқорлық деген.

Мемлекеттің қаражатын өзіне тиесілі дүниедей көретіндер қоғамды ауру қылып, жас ұрпақты сенім мен жігерден айырып, немқұрайлыққа, өзімшілдікке итеріп салуда. Жастар кімді үлгі етерін білмейді. Мықтылар өткен-кеткен. Сонда «алдыңғы толқын ағалар» деп кімге қарамақ? Кімді үлгі, өнеге тұтпақ? Кімді? Кімдерді? Асылы, жасқа өнеге болатындарды биік мансаптан, не болмаса халық назарынан түспейтін «зиялылар» сапынан іздеу - Қожекеңнің үйде жоғалтқан инесін «үй қараңғы» деп сырттан іздегенімен бірдей болар. Жасқа үлгі болатындар қарапайым халық арасында жүрген жоқ па? Олар ешкімнен ерекшеленбей қоңыртөбел тірлігімен адал еңбегін істеп, атақ-даңқа емес, Қазақстанға қызмет етуде. Ол тұлға ғалым, мұғалім, дәрігер, журналист, көлік жүргізуші, полиция т.б. болуы мүмкін, кеңсе адамы да енер, ең бастысы қара басының қамын бірінші орынға қоймайды, өйткені оған жай ғана баспанасы жетеді. Бұл оймен келісу-келіспеу әр кімнің өз ықтиярында, біздікі - ойтүрткі ғана.

Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов «Пароксизм» атты өлеңінде: «Білесің бе, бүкіл өмір - баспана іздеу басыңа» депті. Біз бәріміз ашық аспан астында әлі баспана іздеп жүрміз, ол баспана бірнеше бөлмеден тұратын қуыс үй емес, ол - шынайы тәуелсіздік. Ол баспана бізде бар. Бірақ есік-терезесі ашы-шашық жатыр.  Еурожөндеу жасамаққа тырысып табалдырығынан кім көрінген аттап, аяқ киімін шешпестен төріне дейін былғауда. Баспанамыз бар, енді төрімізді былғатпайық, бауырлар!

«Абай-ақпарат»

0 пікір