Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 22222 15 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 15:39

Дауыл алдындағы ысқырық...

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевның,
ҚР Бас прокурорының,
ҚР Сыртқы істер министрінің назарына!

Қазақстанды іштен шайқалтуға бағытталған арандатушы күштер бас көтеріп жатыр. Осындайда Президенттің, Үкіметтің, СІМ-нің және біздің саясатшыларымыз бен тарихшыларымыздың әлі күнге дейін бұған мән бермеуі түсініксіз? Олардың әрекеттері тым белсенділік алып барады. Бұл қоғамға «үлкен дауыл алдындағы ысқырықтай» әсер етуде.

«Қазақстанның территориясы мен Тәуелсіздігін мойындамайтын Думаның Федоров дейтін депутаты – Ресейдегі «Ұлттық азат ету қозғалысын» құрды. Дәл осы «Ұлттық азат ету қозғалысы» (народно освободительное движение, қысқаша - НОД) 2012 жылы Ресейде тіркелген. Оның негізін қалаушы - Евгений Алексеевич Федоров. Штаб-пәтері – Мәскеуде орналасқан. Ең сорақысы сол – Федоровтың «Ұлттық азат ету қозғалысының» филиалы Қазақстанда да жұмыс істеп жатыр. «НОД АСТАНА» деп аталатын сайттары ашық тұр. Жәй тұрған жоқ, «Біздің қатарымызға қосыл» деп, шақырып жүр» (Қараңыз: Abai.kz)...

Бұл аз болғандай енді бұларға орыс - казактары қосылды. Қазақстанда әскери болмасаңыз, ондай киімді заңсыз киюге рұқсат жоқ. Қоғамда әскери форманы киген тұрғындардың құқық бұзушылықтары мен тәртіп бұзушылықтары, әскери қызметкерлер жасаған бұзушылық ретінде қабылданады. Осыған байланысты кеше ғана қазан айында науқандық шара өтіп, арнайы дүкендерде, базарларда ашық сатылып жатқан қолжетімді «әскери киім үлгілерін» киген қарапайым адамдарды, тіпті6 ауылдағы малшыларды да қуалап жүріп ұстап, заңнамаға сәйкес, жеке тұлғаларға – 5 АЕК (13 890 теңге) және заңды тұлғалар үшін деп - 25 АЕК (69 450 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ендеше бұл талап орыс казактарының әскери форма киген құрамаларына, жекелеген өкілдеріне және офицерлеріне неге жүрмейді?

Осы жайларды жария ете отырып,

МӘЛІМДЕЙМІН!

Казактардың әскери бірлестіктерінің және Федоровтың «Ұлттық азат ету қозғалысының (НОД) әрекеті Конституцияға қарсы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік дербестігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін, қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін, ұлтаралық араздықты өршітетін, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыратын және қазақ жерінде отарлаушылық әскери-атамандық құрылымды қайта түлетуді көксеушілік деп танылып, тәуелсіз мемлекеттің ішкі ісіне сырттан қол сұғушылық деп бағалансын!

Әрекеттері заңдық тұрғыдан өз бағасын алып, болашақта Қазақстанда мұндай ұйымдарды құруға заң жүзінде тиым салынсын!

Алдағы уақытта қоғамға жат арандатушылықты болдырмау үшін жергілікті өкіметтер мен құқық күштерінің іс-қимылының өзіндік тәртібі белгіленсін!

Мемлекеттік дәрежеде саяси және құқықтық баға берілсін!.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

дәрігер, ҚР Журналистер одағының мүшесі,

Ақтөбе қаласы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610