Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 24 Ақпан, 2012 сағат 06:01

Храпуновты іздеп жатыр

КТК телеарнасы Интерполдың сайтына сілтеме жасай отырып, Алматы қаласының бұрынғы әкімі, бұрынғы ТЖ министр («Төтенше жағдайлар жөніндегі министр» дегеніміз ғой) Виктор Храпуновқа іздеу салынып жатқаны туралы хабарлады. Аталған арнаның  таратқан ақпарына сүйенсек, Храпунов алаяқтық жасап, ақша ұрлап қылымстық топ ұйымдастырғаны үшін Интерполдың назарына іліккен көрінеді.  Интерпол Қазақстанның жоғары лауазымды қызметте болған экс-шенеунігінің мекен-жайын білетін жан хабарлассын дейді.

Біздің білуімізше, Вячеславтың  Викторы Швейцарияда тұратын еді.  Бір түнде бүтін байлығын, мүкамал-мүлкін ұшаққа тиеп алып тайып тұрғаны да есімізде. Салпыетек сақшыларымыз Храпунов ұшып кеткен соң, сандарын ұрып ертесінде сондай әңгіме айтқан-ды. Ал, финпол болса, осы күнге дейін Храпунов туралы жақ ашқан емес. Храпуновтың қылмысы мемлекеттік құпия сияқты, әйтеуір, жасырып бағуда. Естеріңізге сала кетейік, Виктор Храпунов Алматы қаласының әкімі болды. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалды. Артынан Төтенше жағдайлар жөніндегі министр болды. Сөйтіп жүрген кезінде қылмысты істерінің шеті шығып қызметінен босады да көп ұзамай шетелге қашып кетті. Оның жария етілген бір қылымысы ретінде Алматының қаласының іргесіндегі құнарлы жерлерді сатып кеткені айтылады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір