Жұма, 29 Наурыз 2024
Анық 4555 3 пікір 6 Қаңтар, 2021 сағат 13:41

Димаш ешқандай саяси науқанға қатыспайды!

Қазақстанда 10 қаңтар күні болатын Парламент сайлауына әр партия өзінше үгіт насихат жүргізіп жатыр. Біреулері есім-сойы елге белгілі азаматтарды партия қатарына қосап жатса, енді біреулері ел алдында жүрген өнерпаздардың көмегіне жүгінген. Биліктегі «Nur Otan» партиясы да Қазақстан эстрадасының өкілдері мен спортшыларды осы үгіт-насихат жұмыстарына қосқан екен. 

Олардың қатарында ҚР Халық әртістері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мадина Сәдуақасова, «Қазақстан барысы» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева сынды белгілі адамдар бар.

Алайда, партия өкілдері «Nur Otan-ды» қолдаған әртістердің қатарына Димаш Құдайбергенді де қосып жіберген секілді. Себебі, әлеуметтік желіде «10-ші қаңтарда «Nur Otan-ға» дауыс бер! Қазақстанның болашағы көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге!!!», деп жазылған Димаштың суреті таралған.

Бұған қатысты әншінің әкесі әлеуметтік желіде ескерту жариялады. Оның айтуынша, Димаш өмірлік ұстанымы бойынша ешқандай саяси науқанға қатыспайды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 17 қаңтар күні АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысады. Ал, одан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық әншінің «DIMASH DIGITAL SHOW» атты алғашқы онлайн-концерті өтеді деп жоспарланған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2275
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591