Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2957 0 пікір 5 Наурыз, 2021 сағат 16:39

Ел дамуының жоспарын айқындаған тарихи құжат

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел газеті «Егемен Қазақстанда» «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялады. Оқыдық. Ой түйдік. Тұшындық!

Бағдар мен белес. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазылған мақалада көптеген өзекті ойлар айтылған екен. Президент мақаласынына қатысты қазір ұлт зиялылары, қаламгерлер қауымы мен Қазақстанның қоғамдық саяси қауымдастығы ортасында қызу талқы жүріп жатыр.

Қазақстанның негізгі заң шығарушы органы саналатын – Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мазмұнды мақаласына қатысты өз пікірін Abai.kz ақпараттық порталының редакциясына білдірген еді.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Биыл Тәуелсіздігімізге отыз жыл толады. Осы жылдар ішінде еліміздің білім деңгейі, денсаулық көрсеткіші, әлеуметтік жағдайы мен рухани байлығы, патриоттық рухы және басқа салалары бойынша заман талабына сай қарқынды өсім байқалады. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бастап, кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастырған берік мақсат, айқын болашаққа негізделген, сенімі нық, үздіксіз дамудың қазақстандық жолы. Бұл біздің жолымыз.

Алдымызда төртінші онжылдық. Ондағы басты міндет – қуатты ел, кемел халық болу. Осы жолдағы басты бағдарымыз – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Жас қазақстандықтарға жан-жақты қолдау көрсету, сол арқылы жастарымыздың бәсекелестікке қабілетті, білімді болып қалыптасуын қамтамасыз ету. Алдағы мақсатымыз – осыған баса көңіл бөлу.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі мақаласы – елім дейтін, жерім дейтін, ел Тәуелсіздігін қорғауға, сақтауға һәм оның дамуына үлес қосуға тиіс әрбір азаматқа жол көрсетеді, ақыл қалта іспетті бағыт-бағдар береді десек қателеспейміз.

Сонымен қатар, аталған мақалада бүкіл ұлтты, қоғамды ұйыстыратын құндылықтар топтастырылған. Президенттің бұл мақаласы ел бірлігін, ұлт тұтастығын және мемлекетіміздің өркениетін қамтамасыз етуге арналған тарихи маңызы бар құжат.

Мәжіліс төрағасы өз пікірінде, Президент мақаласы әрбір Қазақстан азаматының қолдауына ие болатынын, сондай-ақ, әрбір қазақстандықтың отаншылдық рухын оятатынын айтты.

Нұрлан Зайроллаұлы атап өткендей, биылғы жыл еліміз үшін тарихи маңызға ие жыл. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осылайша біздің еліміз өз Тәуелсіздігінің төртінші онжылдығына қадам басты. Осыған орай жазылған Президент мақаласында жас мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен өркендеу жолы егжей-тегжейлі баяндалған.

«Бағдар мен белес», «Таным мен тағлым», «Қоғам мен құндылық» сондай-ақ «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт ауқымды бағытты қамтыған мақалада осы отыз жылдағы еліміз жеткен жетісітктер мен бағындырған белестер жайлы айтылып, келер ұрпаққа аманаттайтын басты мұрамыз бен құндылығымыз, алдағы онжылдықта мемлекетті нығайта түсу үшін не істеу керек деген маңызды мәселелер кең ауқымда қамтылған.

Президент Тоқаев өз мақаласында атап өткендей, тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл дегеніңіз –қас-қағым сәт секілді. Алайда, осы отыз жалда Қазақстан әлемдік саясат сахнасында ойып тұрып орын алды. Қазақстан мемлекетін әлемнің алпауыт елдері мойындады. Осы отыз жылда еліміз бен оның көп ұлтты халқы қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алма-кезек ауысқан санқилы жолды бастан өткерді.

«Тәуелсіздігіміздің алғашқы онжылдығы кезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен Қазақстаның мемлекеттік нышандары айшықталып, саяси билік жүйесі қалыптасты. Ел дамуының негізгі драйверіне айналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасын қабылдадық. Ал екінші онжылдық дамушы елдер қатарындағы мемлекетіміздің Халықаралық аренада тұғыры бекіп, экономикалық әлеуетіміз арта түсті. Кейінгі үшінші онжылдықта «Қазақстан - 2050» стратегиясы айқындалып, әлемнің озық отыз елінің қатырына қосылуды жоспарладық. Бұл да көпте емес, көз ұшындағы меже», - дейді Нғматулин.

Abai.kz

0 пікір