Дүйсенбі, 19 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109508. Жазылғандар — 105030. Қайтыс болғандар — 1768
Жаңалықтар 3330 0 пікір 23 Ақпан, 2012 сағат 05:19

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ал енді қайтіп ел болдық?!

Қазақтың жаманы болмас,

Жаманнан аманы болмас,

Бірігіп іс қылатұғын,

Түзелер заманы болмас!

 

Бұл елде адалдық бар ма,

Ондайын байқадыңдар ма, -

Ыстайды нені де болса,

Наданға арамдық ар ма!

 

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса,

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда болса да.

 

Жуаны қылады зорлық,

Момынның көргені қорлық.

Теп-тегіс қулық пен ұрлық,

Ал енді қайтіп ел болдық?!

«Абай-ақпарат»

Қазақтың жаманы болмас,

Жаманнан аманы болмас,

Бірігіп іс қылатұғын,

Түзелер заманы болмас!

 

Бұл елде адалдық бар ма,

Ондайын байқадыңдар ма, -

Ыстайды нені де болса,

Наданға арамдық ар ма!

 

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса,

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда болса да.

 

Жуаны қылады зорлық,

Момынның көргені қорлық.

Теп-тегіс қулық пен ұрлық,

Ал енді қайтіп ел болдық?!

«Абай-ақпарат»

0 пікір