Жұма, 19 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 5188 8 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 15:02

Ассамблея депутаттыққа кімдерді ұсынып отыр?

2021 жылдың 10 қаңтарында Парламент және мәслихат сайлаулары өтетіні белгілі. Оған бес саяси партия қатысатын болып, Орталық сайлау комиссиясына тіркелді.

ОСК осы бесеудің Мәжіліске үміткер ретінде ұсынған тізімін келісіп, бекітті. Бұдан бөлек, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық сайлауға қатыспай-ақ, өз ішінде іріктеу өткізіп (Ассамблея ішінде сайлау) 9 депутат кіргізеді. Оны Ассамблея кеңесі өзара мақұлдасады.

Сол ереже бойынша, әлгінде мемхатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен ҚХА кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Ассамблея ақылдаса келе, Мәжіліске 9 үміткер ұсыныпты. Ал Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 24 желтоқсанда арнайы Қаулы шығарып, ҚХА үміткерлерін тіркеген.

Сонымен, Ассамблея бұл жолы кімдерді ұсынып отыр? Міне, қараңыз:

1. Сауытбек Әбдірахманов. Мәжілістің VІ шақырылымының депутаты, ҚХА-дан сайланған,

2. Аветик Амирханян. Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы,

3. Ильяс Буларов. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі,

4. Наталья Дементьева. «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ директоры,

5. Юрий Ли. «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы,

6. Вакиль Набиев. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті,

7. Шамиль Осин. «Қазақстан татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,

8. Владимир Тохтасунов. «ЖетысуОблГаз» ЖШС бас директоры,

9. Абилфас Хамедов. «Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы.

Қазіргі, алтыншы шақырылымда Ассамблея атынан кімдер депутат болды?

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2021 жылдың 11 қаңтарында өтеді. Қазіргі уақта Ассамблея құрамында 500-да жуық мүше бар. Әрбір Ассамблея мүшесі - жеке дауыс береді. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам даусын жинаған кандидаттар сайланды деп саналады.

Ал жалпыхалықтық Мәжіліс және мәслихат сайлаулары 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Abai.kz

8 пікір