Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2904 0 пікір 20 Ақпан, 2012 сағат 04:37

Жұмамұрат Шәмші. Мәдениет пен мұра: игілікті істердің иі қанып келеді

Игілікті істерге исі қазақтың мейірленбейтіні кем. Тоқсаныншы жылдардың тұсында тоқырап тұрған Қазақстан емес, қазіргі Қазақстан - «дамыған елу елдің қатарынан қоныс тебемін» деп еңсесін тіктеп алған екпінді Қазақстан. Зиялы қауымның үнемі талап етуі бар, руханият саласында қызмет ете бастаған іскер азаматтардың еңбегі бар, кейінгі кездері Мәдениет пен Мәдени мұраға қатысты жұмыс елімізде қарқын алып келе жатыр. Сөзіміз дәйекті әм деректі болсын, мысалы: www.madenimura.kz веб-порталында көлемі 70 Гб ақпарат, 1млн. Файл, 2000 фотосурет, 360 кітап тіркеліпті. Осы дүниенің бәрін аталған порталдан  көріп, оқып, шетінен танысып шықсақ қай-қайсымыз үшін де сірә, артық болмас еді.  Сонымен...

Мәдениет

Министрліктің 2011 жылы атқарған қызметінің қортындылары мен 2012 жылға арналған міндеттер туралы 2 ақпан күні кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай баяндама жасады. Ол саладағы жұмыстың келесі қортындыларын атап өтті.

Игілікті істерге исі қазақтың мейірленбейтіні кем. Тоқсаныншы жылдардың тұсында тоқырап тұрған Қазақстан емес, қазіргі Қазақстан - «дамыған елу елдің қатарынан қоныс тебемін» деп еңсесін тіктеп алған екпінді Қазақстан. Зиялы қауымның үнемі талап етуі бар, руханият саласында қызмет ете бастаған іскер азаматтардың еңбегі бар, кейінгі кездері Мәдениет пен Мәдени мұраға қатысты жұмыс елімізде қарқын алып келе жатыр. Сөзіміз дәйекті әм деректі болсын, мысалы: www.madenimura.kz веб-порталында көлемі 70 Гб ақпарат, 1млн. Файл, 2000 фотосурет, 360 кітап тіркеліпті. Осы дүниенің бәрін аталған порталдан  көріп, оқып, шетінен танысып шықсақ қай-қайсымыз үшін де сірә, артық болмас еді.  Сонымен...

Мәдениет

Министрліктің 2011 жылы атқарған қызметінің қортындылары мен 2012 жылға арналған міндеттер туралы 2 ақпан күні кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай баяндама жасады. Ол саладағы жұмыстың келесі қортындыларын атап өтті.

«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының кезекті кезеңін іске асыру жұмысы аяқталды. «Мәдени мұра»  қорындағы жаухар дүниелерді бүгінгі ғаламтордан тауып алуға  болады.  www.madenimura.kz веб-порталында көлемі 70 Гб ақпарат қамтылған, 1млн. Файл, 2000 фотосурет, 360 кітап тіркелген, толық қалпына келтірілген  қазақ халқының қайталанбас 73 археологиялық, тарихи және мәдени ескерткіштерін де аталған порталдан көре аласыз.

«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында  ғылымды мыңдаған артефактілермен байытып,  ұлттық тарих туралы көрініс беретін 30-дан астам ғылыми-қолданбалы және 40 археологиялық  зерттеу жүргізіліпті.

Шетелдік жобалар да тиімді іске асырылған. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс пен әл-Фараби бабаларымыздың жаңғыртылған кесенелері де ел мерейін өсіретін игі іс болса керек.

2011 жылдың тағы бір айтарлықтай жаңалығы-бұл баға жетпес «Қазақтың дәстүрлі мың күйі», «Қазақтың дәстүрлі мың әні» қатарына қосылған «Қазақтың батырлық жырлары» атты бірегей жоба іске асырылды. «Қазақфильм» киностудиясында ұлттық мәдениет мұрасы туралы 20 деректі фильм шығарылды.

2011 жылы «Мәдени мұра--Культурное наследие» ақпараттық порталы жаңғыртылды. Бірегей археология, тарих және мәдениет ескерткіштері, археологиялық қазбалар туралы деректер қолайлы форматта елдімекендер мен ескеркіштердің географиялық координаттарына сәйкес жасалған Қазақстан мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.

Отандық киноиндустрияны дамыту мақсатында соңғы жылдары «Қазақфильм» АҚ отандық киностудиясы қарқынды жұмыс істей бастады. Бүгінде ол ең озық техника мен шығармашылық ізденістерге толы, тәжірибесі мол киноөндіріс кешені болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде  102 қазақстандық кинокартина әлемнің 50 елінде өткен 158 кинофестиваль мен кинокөрсетілімдерге қатысты. Былтырғы жылы 5 кинокартина 9 арнайы жүлде мен наградаға ие болды.

Театр өнері

Жыл сайын республикалық театрларда бір мыңнан астам қойылымдар қойылады, олардың ішінде 40% - жаңа қойылымдар. Қазақстандық ұжымдармен әлемдік деңгейдегі жетекші хореографтар мен балетмейстерлер жұмыс істейді. Отандық солисттер Ла Скала театрының академиясында, Вена операсында, Марини театрында, Болоньедегі италияндық опера мектебінде және өзге де әлемдік орталықтарда тағылымдамадан өтуде. Қазіргі кезде, Астанада классикалық опера және балет театрының құрылысы жүргізілуде. Бұл ең  алдыңғы қатарлы шығармашылық және технологиялық талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы театр болмақ. Оның салтанатты түрде ашылуы биылғы жылға  жоспарланып отыр.

Министрлік тарапынан отандық мәдениетті шетелдерде таныстыруға үлкен көңіл бөлінеді. Мәдениет күндері форматында өтетін іс-шаралардың танымалдылығы артты. Бүгінде Қазақстан мәдениеті іс-жүзінде барлық ТМД мемлекеттерінде, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдерінде үлкен абыроймен көрсетіледі. 2011жыл Қазақстанның Кореядағы жылы аясында өтті. Қазақстанның Үндістандағы және Франциядағы Мәдениет күндері табысты өтті. Осы жылы Қазақстанның Әзірбайжандағы мәдениет күндері, Қазақстандағы Үндістанның, Вьетнамның, Әзірбайжанның Мәдениет күндері өтеді.

Елбасы биылғы жолдауында «2012 жыл Астана ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы болып табылады. Осы халықаралық іс-шараларды өз деңгейінде өткізу керек» деді. Бұл міндетті абыроймен орындау аса жауапкершілікті қажет етеді.

2011 жыл - Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылы болды. Тілдік біліктілік стандарттарын жасау жұмыстары басталды. Мемлекеттік тілді үйрету стандарттарын жетілдіру, оны меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілді. Біздің міндеттіміз -2020 жылы қазақ тілін меңгергендердің қатарын 95%-ға  жеткізу. Баспа өнімдерінің екі жүзден астам атауы әзірленіп, шығарылды. Олардың ішінде, қазіргі заманғы ғылыми-теориялық талаптарға сәйкес келетін бағалы лексикографиялық еңбек, 15-томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» атты түсіндірме сөздік,  «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» атты балаларға арналған кітаптардың 15-томдық сериялары, «Әлемдік классика» атты классикалық әдебиеттің 25-томдығы, аудиокітаптар, инновациялық оқу-әдістемелік бағдарламалар және т.б. бар.

Министрліктің үйлестіруші рөлімен Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жыдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылды. Нәтижесінде заң жобаларын әзірлеуге, бағдарламаларды іске асыруға, ел дамуының басты мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуге  үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) кеңінен тарту күнделікті тәжірибеге айналды. 2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында ҮЕҰ екі жүзден астам әлеуметтік маңызы бар жобасы жүзеге асырылды.

Ақпараттық сала

Бүгінгі күні елде 2,5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары қызмет атқаруда. Олардың 84% (2301)-мемлекеттік емес, 16% (439)-мемлекеттік тілде ақпарат таратады. Ұлттық цифрлық спутник жүйесінің іске қосылуы - 2011 жылдың айтарлықтай жетістігіне айналды. Бұл  - Қазақстанның бүкіл аумағында отандық телеарналарды тамашалаудың мүмкіндігін ашқан спутниктік жүйе болып табылады. Қайта құрастыру және жаңа бірегей тақырыптық арналар ашу жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы 1қыркүйектен бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бағдарламалары  толығымен мемлекеттік тілге көшті. 2012 жылы «Білім» және «Жаңалықтар-24» телеарналарын ашу жоспарланған, одан басқа «Classic» жаңа радиосы ашылды. Интернетте Bad.kz агрегатор-сайты іске қосылды. Бұл жерде 40-қа жуық қазақтілді газеттер мен журналдардың, 30-ға жуық ақпараттық ресурстардың, 13 телеарналар мен 10 радиостанциялардың интернет-сайттары біріктірілді.

Биыл «Хабар», «Қазақстан», «Каспионет», «Мир», «Балапан», «Мәдениет», «ОРТ Евразия» сияқты мемлекеттік арналарды Алматыдан Астанаға көшіру басталады. Телеарналардағы контент мәселесі, қазақстандық телеөнімдермен қамтамасыз ету, олардың пайыздық үлесі, қолайлы-қолайсыз уақытқа қойылуы т.б. күрделі мәселелерді оңтайлы шешу - медиакомпаниялар үшін жауапты болмақ. Өйткені, уақыт орнында тұрмайды, әлем өзгеріп жатыр, артта қалып қоймай, соған сәйкестендіріп ақпаратты тұтыну ісі де өзгере береді. Цифрлық революция жағдайында виртуалды жүйелердің мақсаты - қоғамдағы белсенді адамдарды тез тауып, өз ығында ұстауға тырысу. Жалпы, әлеуметке ықпал етудің басты шарты - бәсекеге қабылетті кадрларды жұмысқа тарту. Сонда ғана журналистиканың сапасы арта түседі. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алған басылымдар Қазақстанның барлық өңірін бірдей қамту мәселесіне де мән беруі керек. Себебі, бүгінгі таңда жалпы тираж негізінен 4-5 облыс есебінен құралып отырғаны да жасырын емес.

«Қазмедиа орталығының» ашылуы -- өткен жылдың басты оқиғасына айналды. Телерадио нарығының барлық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің және хабар таратудың цифрлық форматына көшудің құқықтық шарттары белгіленген «Телерадио хабар тарату туралы» заңы қабылданды.

Баспа қызметі саласында былтырғы жылы жалпы тиражы екі миллионға жуық  әлеуметтік маңызы бар әдебиеттің 467-ісін шығару ісі қамтамасыз етілді.

2011 жылы Ұлттық мұрағат қоры жаңа құжаттармен толықтырылды, мұрағаттарға   құжаттаманың 693 мың сақтау бірлігі келіп түсті. Нәтижесінде 2012 жылғы 1қаңтарға дейін  Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарында 25 миллионнан астам сақтау бірліктері жиналыпты.

Жиынның соңында  ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед салаға қатысты бірқатар міндеттер қойды. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәдениет пен өнерге  қатысты іс-шараларды Астана қаласында ұйымдастыруға ниет білдірді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір