Жұма, 3 Мамыр 2024
Талқы 5602 15 пікір 23 Желтоқсан, 2020 сағат 16:09

Дума үштігінің сандырағы һәм министрдің жауабы

Қазақ жеріне қатысты даулы мәлімдеме жасап аты шыққан Ресей Думасының депутаты Евгений Федоров тағы да Қазақстанға шүйлікті. Бұл жолы Федоров «Қазақстан - заңсыз және уақытша мойындалған мемлекет» деп, айды аспаннан бірақ шығарды.  

Youtube-тағы «Голос Отечества» каналына берген сұхбатында ол:

«Қазақстан астанамыз Орынбор болған дейді. Шындығында Орынбор да, Қызылорда, Алматы, Қазақстан да Ресейдің бір субъектісі болды.

Қазақ деген халық болған емес. Халық деген әлемдік соғыс негізінде, ең жоғары статуста құрылады. Ал, Қазақстан деген болған жоқ. 1922 жылғы негізге қарасақ оның тіпті 1 миллиметр де жері жоқ.

Қазақстан заңсыз және уақытша мойындалған деп пайымдаймын. КСРО тарады деген нақты бірде бір құжат жоқ»,- дейді.

;feature=youtu.be

(Федоровтың Қазақстан туралы пікірі 19:30 минуттан басталады)

Евгений Федоров сказал за фракцию – Политика – Коммерсантъ

Бұған дейін ол «Қазақстан территориясы - Ресейдің сыйлығы» деп, сөйлеген Дума депутаты Никоновтың сөзін қолдап: «Ресей территорияны қайтаруды талап етуі керек» деген, еді.

Сонымен қатар, қазақтарға Ресей азаматтығын беруді ұсынған болатын.

«Қазақстанмен біртұтас мемлекетті қалпына келтірудің заңдық негізіне ие болу үшін және сәйкесінше Бресттен Владивостокқа дейін Қазақстан азаматтарына Ресей, Кеңес азаматтығын және кең байтақ Отан беру керек. Ешкім ешкімді қуғысы келмейді, керісінше, біз Қазақстанның мәртебесін өзі құрамына кіретін үлкен, алып мемлекеттің деңгейіне көтергіміз келеді. 

Біз, әрине, біртұтас отанды қалпына келтіруді қолдаймыз. Біз Қазақстан халқын өз халқымыз деп санаймыз. Менің атам мен әкем Новгород облысында дүниеге келгенімен, мен - қазақпын. Ештеңе етпейді, мен қазақпын, өйткені мен орыстың құрамына кіремін. Ал, оның құрамында қазақтар, башқұрттар, удмурттар, татарлар және басқалардың бәрі кіреді. Бастапқыда Ресейді 140 ұлт құрды. Соның ішінде славяндар да, мен де бармын. 

Сондықтан біз қазақ мемлекетінің ізбасарымыз. Біз Кеңес Одағының, тіпті Кеңес Одағының ішкі бөлігі - Ресей Федерациясының бір бөлігіміз», - деді ресейлік депутат.

Жириновский пообещал поставить в приемной свое чучело для вымещения гнева | Новости | Известия | 18.10.2018

Ал, Думаның ескі депутаты Жириновский де Никоновты қолдап, Кеңес Одағын құлату туралы шешімнің бұрыс болғанын айтқан еді.

«Ол бәрін дұрыс айтты. Никонов өте сауатты адам. Егер оның атасы Вячеслав Николаевич Молотов өмір сүрген болса, ол да мұны растаған болар еді. Онда Ресей: Орал, Семей, Петропавл. Оған Қазақстанның не қатысы бар?

Онда бәрі шатастырылды - қырғыздар қайда, қазақтар қайда, қарақалпақтар қай жерде, туранилер-муранилер және т.б. Бірақ шекарасы бар, үкіметі бар мемлекет болған жоқ - мұның бәрін Кеңес үкіметі қолдан жасаған, сондықтан олар Никоновты айыптауда. Енді оны орыс жерінде өмір сүргені үшін кешірім сұрауға мәжбүр етесіз бе? Орыстар ол жерде қалай пайда болды, олар көктен келді ме?»- деді Жириновский.

Айта кетейік, Ресей депутаттарының даулы мәлімдемесі қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Осыған орай ҚР СІМ Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаровқа қарсылық нотасы табыстаған болатын.

Мұхтар Тілеуберді қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Ал, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутаттардың сөзіне «Бред сивой кобылы» деп баға берді.

«Көтерілген мәселе өзекті. Никонов мырзаның айтылған сөздерінен кейін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына Ресей Федерациясының Уақытша өкілін шақырған болатынмын. Ол кезде Елшілері Мәскеуге іссапарға кеткен болатын. Сондықтан менің орынбасарым қабылдаған болатын. Сол кезде біз Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын білдірдік. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес олар ресми түрде жауап бермейді, бірақ қабылдаған іс-шаралар туралы бізге хабарлаған еді. Олар да Парламентке, Президент әкімшілігіне хабарласып, «мұндай сөздерді жариялауға болмайды» дегендей сын айтқан болатын.

Ал, Федоров өз сөздерінде бұл мәселені тағы да қайталап жатыр. Ең біріншіден, қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде ондай сөздерге намысым келеді. Бірақ, жоғары білім алған соң, Отанымыздың тарихын білгеннен кейін, мұндай сөздерге «Бред сивой кобылы» деп жауап берер едім. Мұндай сөздер көтерілген кезде алдымен тарихшыларға сүйену керек»,- деді ол.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда шекараны демаркациядан өткізіп жатқанын айтты.

«Сыртқы істер министрі ретінде айтарым, Ресейдің ұстанымы олардікімен сәйкес келмейді. Біздің шекарамыз заңды түрде делимитациядан өткен. Екіжақты тиісті келісімге қол қойылған. Қазір біз шекарамызды демаркациядан өткізудеміз. Пандемияға байланысты бұл процесс сәл тоқтап қалды. Келесі 3 жылда бұл жұмысты бітіреміз», - деді министр.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 708
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 440
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 454