Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2436 0 пікір 16 Ақпан, 2012 сағат 13:33

Кінәсін мойындап келген дезертирлер амнистияға ілінеді – Қазақстанның Қорғаныс министрлігі

Өз бетімен әскери бөлімшенің аумағын тастап кеткен, бірақ  22 шілдеге дейін кінәсін мойындап келген әскери қызметкерлер амнистияға байланысты қылмыстық жазадан босатылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткен жылғы  желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы  мемлекеттік Тәуелсіздігінің  жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойып, ол үстіміздегі жылғы 22 қаңтардан өз күшіне енді.

«Егер, 22 қаңтарға дейін бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеткен әскери қызметші, 22 шілдеден кешікпей әскери басқару, әскери полиция немесе құқық қорғау органдарына кінәсін мойындап келсе, Заңда көрсетілгендей қылмыстық жауаптан босатылады», -делінген хабарламада.

АСТАНА, 16 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541