Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2338 0 пікір 16 Ақпан, 2012 сағат 09:30

Ласлоу Марац. Еуропа ХХ ғасырда қалып қойды

Өткен жылдың  желтоқсан айының 17-сі күні Еуропарламенттегі қызу пікірталастар барысында Мажарстанның экономикалық ахуалы мен Конституциясы туралы көптеген ақпараттарға  қанықтық. Пікірталас кезінде Батыс Еуропалық саясаткерлердің көтеріліп отырған тақырып туралы білімінің таяздығына және дөрекілігіне куә болдық. Мажарстандағы соңғы жағдайларға байланысты Еуропарламентте айтылған сындарға жауап беруге келген премьер-министр Виктор Орбанның батыл қадамы тәнті етсе, Батыс Еуропалық  депутаттардың орынсыз әрекеттері мен одағай мінездері еріксіз бас шайқатты. Еуропарламентте орын алған тұрпайы әрекеттерді Нидерланды ұлттық радиосының (NOS) Брюссельдегі бөлімінің тілшісі Крисс Остендорф былай сипаттайды. «Шындығында Еуропарламент Мажарстан премьерін жақтырмайды. Оның достарының да саны мұнда аз. Депутаттар оған дауыс көтеріп сөйледі, тіпті түкіруге тырысқандары да болды». Сөзінің соңында тілші бұл әрекеттерді «шоу» ретінде бағалайтынын айтты.

Өткен жылдың  желтоқсан айының 17-сі күні Еуропарламенттегі қызу пікірталастар барысында Мажарстанның экономикалық ахуалы мен Конституциясы туралы көптеген ақпараттарға  қанықтық. Пікірталас кезінде Батыс Еуропалық саясаткерлердің көтеріліп отырған тақырып туралы білімінің таяздығына және дөрекілігіне куә болдық. Мажарстандағы соңғы жағдайларға байланысты Еуропарламентте айтылған сындарға жауап беруге келген премьер-министр Виктор Орбанның батыл қадамы тәнті етсе, Батыс Еуропалық  депутаттардың орынсыз әрекеттері мен одағай мінездері еріксіз бас шайқатты. Еуропарламентте орын алған тұрпайы әрекеттерді Нидерланды ұлттық радиосының (NOS) Брюссельдегі бөлімінің тілшісі Крисс Остендорф былай сипаттайды. «Шындығында Еуропарламент Мажарстан премьерін жақтырмайды. Оның достарының да саны мұнда аз. Депутаттар оған дауыс көтеріп сөйледі, тіпті түкіруге тырысқандары да болды». Сөзінің соңында тілші бұл әрекеттерді «шоу» ретінде бағалайтынын айтты.

Еуропарламент туралы 30 жыл бойғы жасалған репортаждарда мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Остендорф бұл әрекеттер Батыс демократиясына иланушыларды түңілдірді деп сипаттайды. Еуропарламент депутатттары әділ әрі демократиялық жолмен сайланған, әр сөзін дәлелмен сөйлеген, салқын қандылығын сақтаған Мажарстан басшысына қарсы мәдениетсіздік көрсетті және құрметсіздік танытты. Өкінішке орай Еуропаның бүгінгі жағдайы Шуман мен ve Монне қиялдаған немесе Коль мен Миттеран құруға тырысқан бір одаққа ұқсамайды. Бұл моральдан алшақ тұрған комиссарлардың Еуропасына айналып барады.

Мұндай жағдайларға куә болғаннан кейін «Еуропарламенттегі жұмсақ креслода отырған Кон-Бендит  пен оның достарының саясатын қолдап Мажарстанның әскерлерін сырт елдерге апарып соғыстыру қажет пе?» деген сұрақ туындайды. Моральсыздық белең алған аймақтың мүддесі үшін, ЕО-тың мүшесі болып табылатын мемлекеттің басшысына ешқандай құрмет көрсетпеген адамдардың спектакльдерін ойнау үшін басқа өңірлерге әскер жіберіп мажар қанын төгудің мағынасы бар ма?

Мүмкін осы «көрініс» Мажарстан үшін пайдалы шығар, ендігі жерде ХХІ ғасырдағы әлемдік тәртіп ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктерді пайдаланудың сәті түскен болар. Яғни, көпвекторлы саясат ұстануға мүмкіндік туып тұр. Бұдан кейін Еуро-Атлантикалық деп аталатын бағытқа ғана басымдық беретін сыртқы саясаттан бас тарту қажет, өйткені ол бағыт қауіпті. Бұл сабақты Страсбургтағы «көріністің» қорытындысынан кейін алдық. Әрине сыртқы саясатта реалист болу керектігін түсінемін, алайда сыртқы саясатта өзара сенім, құрмет пен ынтымақтастық болуы керек деп ойлаймын.

Қазіргі таңда ЕО банкрот болған, шөгудің алдында алдында тұрған ұйым. Өйткені ЕО  әзірге шешімі табылмаған экономикалық қана емес, одан да қауіптірек моральдық дағдарысты бастан кешіруде. Құдды бір заманындағы Сталиндік режимнің саяси шоуы сияқты болған Страсбургтегі көрініс мұның айқын дәлелі.
Еуропа бұл дағдарыстан шыға алмайды, басқаша айту қазіргі жағдайда қиын. Германияның сыртқы саясатындағы бетбұрыстар олардың ендігі жерде бұл одақ үшін басын ауыртқысы келмейтіндігін көрсетті. Ендігі жерде одақтың мәні қалмады, бұл «иесіз қалған» және экономикалық, идеологиялық таластың ортасында қалған бір ұйым. Егер бұл ұйымнан шығу мүмкін емес болса, онда ағылшындар сияқты шартты түрде мүше болып қалу керек.
ХХІ ғасыр әлдеқашан басталғанына қарамастан Еуропа ХХ ғасырда қалып қойды. Бұл ғасырда Батыстың үстемдігі жойылатынын болжау қиын емес. Өз ішіндегі кішкентай ғана ел саналатын Мажарстанға солшыл топтар мен либералдар коалициясының сөзінің өтпеуі және олардың қаржы манипуляцияларын орындата алмауы да осы сөзіміздің  дәлелі болып табылады. Осы жолы жаңа арнаға бет бұрған Мажарстанға бүйрегі бұратын елдердің барлығын да көрдік. Мен бұл арада Польшаның көрсеткен қолдауын меңзеп тұрмын. Польшаның премьер-министрі Дональд Тускты бүгінгі Еуропа басшыларының арасындағы ең ақылдысы деп атуға болады. Демек Польша-Мажарстан альянсының ынтымақтастығын арттыру қажет, осылайша НАТО-дағы байланысты да жандандыра аламыз. Өткен жылы Қытаймен жасалған келісім-шарттарды көпвекторлы саясаттың алғашқы адымы деп бағалау керек, алайда бұл әлі де жеткіліксіз. ХХІ ғасырдағы жаһандық өзгерістер көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр. Сондықтан Мажарстанға тәуелсіз ел ретінде жеке әрекет етуге, әлемдік саясатта ойнауға мол мүмкіндіктер бар. Тарихта орын алған 1848-1849 және 1956 жылғы төңкерістер мен қасіреттерді ұмытып ел мүддесі үшін Ресеймен де жақындасар сәт туды.  Польша-Мажарстан альянсын қолдана отырып осы бағытта жылжуы керек. Егер В. Путин президенттікке сайланса, Ресеймен ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік туатын шығар. Алайда келіссөздерді бізге вассал секілді қарайтын бұрынғы дипломаттармен емес, теңдәрежелі үстелге отыруға лайықты жастармен жүргізу қажет. Сондай-ақ Мажарстанға Түрік әлемімен жақындасар сәт те келді.  Түрік әлемі бізге құрметпен қарайды, әрі бауыры ретінде іш тартады. Түркия, Әзербайжан және Қазқстан сияқты елдер алдағы онжылдықта экономикалық та моральдық та жағынан дамыған мемлекеттер болмақ.
ХХІ ғасыр әлдеқашан басталды. Сондықтан ұлттық реңкті Конституция қабылдап, шетелдердегі мажарлармен қарым-қатынастарды жандандырғаннан кейін Мажарстан жаһандық алаңда белсенді ойыншы болуы керек.

Арнайы  ABAI.KZ ақпараттық порталы үшін дайындаған Еркебұлан Әлімханұлы

P.S. Ласлоу Марац Еуропалық Одақ туралы зерттеулер жүргізіп жүрген Нидерланды корольдігінде тұратын мажар ғалымы, Амстердам университетінің доценті.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616