Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5948 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:36

Жанай АМАНТУРЛИН. Шегіртке келіп шүйлікті

БҮГІНДЕ САРЫ ДАЛАНЫ САЯҚ ШЕГІРТКЕ ШАРЛАП, ӨСІМДІКТІ ОТАП ЖАТЫРҒАН КӨРІНЕДІ. ЖӘНДІКТІҢ ОСЫ ТҮРІ БҰЛ МЕЗГІЛДЕ КҮШІНЕ ӘБДЕН ЕНІП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КҮЛДЕЙ ЗИЯН КЕЛТІРУДЕ. ЖАҚЫНДА БАҚША ӨНІМІН ОТАП ТА ҮЛГЕРІПТІ. ЕНДЕШЕ ОСЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕП КӨРЕЛІК.
ШАРУАГЕР ҚИНАЛЫП ҚАЛДЫ
Онсыз да халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселе сапында тұрғанда, егістік пен жайылымдық, шабындықты шегірткеге жем ету жақсылыққа соқтырмасы анық. Жақында «Масқар» шаруа қожалығының бақшасына түскен шегіртке біраз шығынға ұшыратыпты.
Қожалық төрағасы Р.Нығымединова:

БҮГІНДЕ САРЫ ДАЛАНЫ САЯҚ ШЕГІРТКЕ ШАРЛАП, ӨСІМДІКТІ ОТАП ЖАТЫРҒАН КӨРІНЕДІ. ЖӘНДІКТІҢ ОСЫ ТҮРІ БҰЛ МЕЗГІЛДЕ КҮШІНЕ ӘБДЕН ЕНІП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА КҮЛДЕЙ ЗИЯН КЕЛТІРУДЕ. ЖАҚЫНДА БАҚША ӨНІМІН ОТАП ТА ҮЛГЕРІПТІ. ЕНДЕШЕ ОСЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕП КӨРЕЛІК.
ШАРУАГЕР ҚИНАЛЫП ҚАЛДЫ
Онсыз да халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселе сапында тұрғанда, егістік пен жайылымдық, шабындықты шегірткеге жем ету жақсылыққа соқтырмасы анық. Жақында «Масқар» шаруа қожалығының бақшасына түскен шегіртке біраз шығынға ұшыратыпты.
Қожалық төрағасы Р.Нығымединова:
- Биыл 12 гектар жерге 200 мыңдай теңгеге голландық тұқым алып септік. Қарбыз, қауын, қызанақ, бұрыш, тағысын тағы дегендей. Бейнеті шаш етектен бұл істің жемісі қалай келерін күнге қақтала жүрген еңбеккерлер ғана білері анық. Бейнеті өз алдына, жақында бақшамызға шегіртке түсіп, жанымызды ауыртты. Дереу тиісті орындарға хабар жеткіздім. Бірақ әлі күнге алынып жатқан шара жоқ. Жалпы ауыл шаруашылығы саласын қорғау, қолдау, ұйымдастыру ісі бізде мардымсыз. Мынау соның дәлелінің бірі ғана,- дейді шаруагер. Ал елтайлық Т.Серікқалиев бұрындары шегіртке өсімдіктің сояуын қалдырушы еді, қазір оны бірге отап, жылан жалағандай етеді екен. Мен оны жақында қой кезекке шыққанда байқап, жағамды ұстадым. Жайылымды шегіртке отаса сонда ауыл малы қайда бармақ, төрт түлік тығырыққа тірелсе, күнкөріс қалай болмақ, - деп қынжылады ол.
Бұл - қол жеткен мәлімет. Ал даладағы шабындық қандай күйде. Жақында біраз жерді өрт шарпығаны туралы естіп білгенбіз. Одан қалғанын шегіртке құртса, көрер күннен үміт азаймақ. Енді осы жөнінде тиісті орындар не дейді екен. Қағазға қандай мәлімет түсіп жатыр, соған назар салалық.
ШЕГІРТКЕНІҢ АЛДЫНДА ШАРАСЫЗ БОЛЫП ОТЫР
Алдымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Б.Қашқыновқа хабарласып, бұл тұрғыда нендей шараның жасақталып жатқаны жөнінде білгіміз келген. –Жылдағыға қарағанда көп шегіртке кірді деген шаруа қожалығының жерін көрдік. Ондай көп мөлшерде зақым етпеген. Қазір тиісті мамандар шарасын алуда. Қысқаша жауап осылай. Ал алыстағы жайылымдық, шабындық жерлердің не болып жатқанын сұрағанымызбен, ол жағынан бастық хабарсыз болып шықты.
Осы зиянкеспен тікелей айналысатын ауданда «РФД ж БӘО»-ның аудандық филиалы бар. Оның директоры І.Шамұратовтың айтуынша, аудан көлемінде ауылшаруашылық дақылдарына аса қауіпті зянкестердің бес түрі бар екен. Олар азиат шегірткесі, итальян прусы, кіші саршұнақ, тышқан тектес кеміргіштер және колорад қоңызы болса, азиат пен итальян прусының табиғи ошағы бар. Сондықтан да жыл сайын олардың ошағы анықталып, ядохимикаттармен уланылып тұрады екен. Мысалы, өткен жылы 240 мыңдай гектар жерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, азиат шегірткесі мен итальян прусы қоныстанған 3 мың гектар жер залалсыздандырылыпты. Сондай-ақ атбасарлық саяқ шегірткенің қоныстанған дернәсілдерін өңдеуге 1790 гектар жер болжанып, жоғары жаққа мәліметі беріліпті. Ал бүгінгі жағдайға байланысты сұрағымызға:- Бұл саяқ шегірткенің дернәсілдері 2-3 жас сатысында. Олар 5 жас сатысында қанаттанып кетеді. Бірақ бұл аса қауіпті зиянкестер қатарына жатпағандықтан қаржы тек жергілікті бюджеттен бөлінуі тиіс. Дегенмен біз өз тарапымыздан жұмысты атқарып, тиісті орындарға жолдадық. Солар шарасын алады, - дейді ол.
АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛЫП ЖҮР…
Бұл жөнінде аудандық аумақтық инспекциясының өсімдікті қорғау жөніндегі бас маманы Т.Махметов пікірін былай баян етеді.
- Биыл саяқ шегірткенің көптігі жасырын емес. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, 1790 гектар жер улану керек еді, жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкін болмағандықтан бұл іс аяқсыз қалды. Қазір шегірткенің бұл түрі қанаттанып кеткен соң енді оның зияндығы жойылады. Бірақ ол дернәсілін тастап кетеді. Соны жою қажет.
Ал қазір азиат прусына қарсы Ақтөбе көлінен 700 гектарға, итальян прусына 1900 гектарға облыстан тендер өтіп, оның қорытындысы бойынша «Фитосанитария» РМК мекемесі жеңімпаз танылып, күні ертең келгелі отыр. Жалпы итальян прусының ошағы Нарын құмын жағалай «Бураға» қарай тартады. Жақын жер емес. Дегенмен жұмыс жасалуы тиіс. Дабыл қағарлықтай шегіртке даланы отап жатқан жоқ,-дейді маман.
Қалай дегенде де, жасалған істің мінсіз болмағы қажет. Билік оны назардан тыс қалдырмайтыны да белгілі. Бірақ шегірткенің дернәсілі дер кезінде жойылмаса, қолыңды мезгілінен кеш сермегеніңнен пайда жоғы сөзсіз. Қаладағы жұмыс қадағалаудың өзінде оқсамай жатқанда даладағы істің нәтижесі бір құдайға ғана аяны тағы бар-ау?

 


Жанай АМАНТУРЛИН
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596