Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5035 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:35

Бақытжан БОЗДАНҰЛЫ. ЖЫЛЫОЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КЕРЕК

Өткен жылы аудан халқын медициналық қамтудың жай-жапсары жөнінде баспасөзде жазудай-ақ жазылды. Облыстық «Атырау» газетінде «Ауқатты ауданның саулығында ақау бар, оны қалпына келтіру – бірінші кезектегі міндет» (3 шілде, 2008ж.), «Тосыннан күн суытса, қиындық болар түрі бар» (18 қазан, 2008ж.) және «Тесік өкпе қазыналы аймақтың қорқынышына айналды» (29 мамыр, 2008ж.) деген сыни әрі сараптама материалдар жарияланып, кемшілікті түзетудің нақты жолдары көрсетілген еді.
Денсаулық сақтау мәселесі сол кездері аудандық мәслихаттың сессиясында әдейі қаралып, жұмысты жақсартуға бағытталған шаралар да алынған.
Қысқасы, бұдан істің алға жылжуы байқалмады. Жақында аудандық мәслихат жанындағы «Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар жөніндегі» тұрақты комиссиясы кезекті отырысында бұрын сессияда қараған осы мәселе туралы шешімнің орындалу барысын және облыстық газетте көтерілген жоғарыдағы сыни материалдағы аталған кемшіліктердің қаншалықты іске асқандығын қарады.
Тұрақты комиссияда аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов сөйлеп, бұл мәселенің сессияда көтерілгендігін, «Атырау» газетінде бірнеше рет сыни материалдар жарық көргендігін тілге тиек етті.

Өткен жылы аудан халқын медициналық қамтудың жай-жапсары жөнінде баспасөзде жазудай-ақ жазылды. Облыстық «Атырау» газетінде «Ауқатты ауданның саулығында ақау бар, оны қалпына келтіру – бірінші кезектегі міндет» (3 шілде, 2008ж.), «Тосыннан күн суытса, қиындық болар түрі бар» (18 қазан, 2008ж.) және «Тесік өкпе қазыналы аймақтың қорқынышына айналды» (29 мамыр, 2008ж.) деген сыни әрі сараптама материалдар жарияланып, кемшілікті түзетудің нақты жолдары көрсетілген еді.
Денсаулық сақтау мәселесі сол кездері аудандық мәслихаттың сессиясында әдейі қаралып, жұмысты жақсартуға бағытталған шаралар да алынған.
Қысқасы, бұдан істің алға жылжуы байқалмады. Жақында аудандық мәслихат жанындағы «Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар жөніндегі» тұрақты комиссиясы кезекті отырысында бұрын сессияда қараған осы мәселе туралы шешімнің орындалу барысын және облыстық газетте көтерілген жоғарыдағы сыни материалдағы аталған кемшіліктердің қаншалықты іске асқандығын қарады.
Тұрақты комиссияда аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов сөйлеп, бұл мәселенің сессияда көтерілгендігін, «Атырау» газетінде бірнеше рет сыни материалдар жарық көргендігін тілге тиек етті.
Бірақ әзірге бұған құлақ асқан ешкім жоқ. Аурухана жағдайы бүгін де мүшкіл. Су, жылу жоқ. Канализация жұмыс жасамайды. Ауруханада ем алып жатырған сырқаттар қыс мезгілінде әжетханаға сыртқа шығуға мәжбүр.
Ауруханада жатқан адамдарға жағдай жасалмаған. Ток мәселесі шешілмеген. Дәрігерлердің ақылы қызмет көрсетуі жөнінде күмәнді жайлар көп. Бір дерек. Қан тобын айыру қызметінің бағасы Атырауда 600 теңге болса, Жылыойда 2200 теңге. Неге олай? Дәрігерлердің жұмыс кезінде арақ-шарап ішіп алып жүретіндігі туралы дабылдар да бар.
Жақында облыс әкімі Б.Рысқалиев аудан әкімінің есебін тыңдаған жиында, сондай-ақ, облыстық тәртіптік кеңес отырысында да ауданнан денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді өткір сынға алды. Ауданда өкпе ауруларының саны да өсіп барады.
Аудан әкімінің орынбасары А.Әбенов былай деді: - Бұл жыл сайын жыр болып келе жатқан мәселе. Себебі мынау. Токты жүргізген «Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі жұмыстарды аяқтамай кеткен. «Атырау-Жарық» мекемесі оны қабылдамаған.
Су мәселесі бойынша резервуар қондырайық, су ішуге жарамаса да әжетхана мен канализация жасайтын болады ғой деген ұсыныс аурухананың бас дәрігері Т.Қалиевке айтылған болатын. Тіпті оны ескі ауруханаға да қоюға болады. Бірақ ол орындалған жоқ. Жылу мәселесі бойынша айтарым – мұнда 1000 тонналық екі қазандық қойылғандығы рас. Бірақ аурухананы жылытуға қазандықтардың күші жетпейді. Ауыстыру керек.
Бас дәрігер Т.Қалиев кейбір күрделі мәселелердің бас-басына ауызша тоқталып әрі жазбаша түрде мәлім етті. Оның айтуынша, алдымен аурухананың ауыз сумен қамтылуы. -Жаз айларының өзінде су құбырлары арқылы жүретін су қысымының азаюы салдарынан апта бойы ауруханаға су мүлде жүрмейтін кезі жиі. Ол күндері сұраныс бойынша тасымал су қазандықтарынан насоспен бөлімшелерге беріледі. 155 төсектік аурухана мен балалар және әйелдер емханасын тасымал сумен қамтамасыз ету қиынның қиыны. Шынын айту керек, ауыз суға қаралған ақша уақытында аударылады. Бірақ тасымал суға кеткен қаражат ауыз суға қаралған қаражат шығынынан артық болғандықтан, бережақ болып шықтық,- деді бас дәрігер.
Қосалқы ток көзі хақында былай дер едім. Аурухана токпен қамтылуы жөнінде бірінші категориялы мекемеге жатады. 2003 жылы аурухана жаңа ғимараты іске қосылды. Содан бері жеті жыл өтсе де 73 мың халқы бар Жылыой ауданы мен вахталық әдіспен қызмет ететін шет ел азаматтарының ауруханалық қызмет көрсететін 155 төсектік ауруханаға қосалқы екінші ток көзін орнату шешілмей-ақ қойды. Бұрынғы генератор 1996 жылы іске қосылып, 2005 жылы істен шықты. Күрделі жөндеуден өткізу үшін мамандар шақырылып, сол генератордың жөндеуге келмейтіндігі анықталды.
Тығырықтан шығу жолы – екінші ток көзіне және жаңа генератор орнату екендігі аудан басшыларының қаперіне берілді.
Аурухананың кәріз жүйелері, өртке қарсы құралдар, жылу қазандықтары жөнінде мынаны айтуға болады. Аурухана пайдалануға берілгенде өрт сөндіру қондырғылары қаралмаған, аурухананың жертөлесі (подвалы) жоқ, кәріз жүйелері құйылған цемент еден астында орналасқан күйінде тапсырылған. Осындай қиындықтар салдарынан кәріз жүйелері бір жыл өтпестен сыр берді. Кәріз жүйелері бітеліп, лас судың аурухана ішіне құйылуы жиілеп кетті. 90 төсектік аурухана ғимаратында орналасқан перзентхана, қатаң аурулар бөлімшелері, операциялық және босандыру блоктары, зертхананың кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу үшін күрделі қаржы керек.
Жылу қазандықтарының жылу беруі аурухана ғимаратының көлеміне сәйкес келмейді. Жылу беру көлемі 1000 текше метр құрайтын жылу қазандығының көлемі әлдеқайда үлкен ғимаратты жылытуға күші жете бермейді.
Аурухана терезелері пластиктен орнатылған. 20 камералық, сапасы нашар. Ал біздің аудан климатына 4 камералық терезе қажет. Аурухана ғимараты силикатпен қапталмаған. Осылардың салдарынан ішіне қалыпты жылу ұстау мүмкін болмай отыр.
Түйіндеме
Біз бұл мәселе жөнінде аудан әкімі орынбасары М.Сағиевтің пікірін де тыңдадық. Сөйте тұра, біз халыққа медициналық қызмет ету туралы біржақты әңгіме қозғауды жөн деп таппадық. Тұрақты комиссияда айтылғандарда стенографиялық тәсілмен жазуымыз да сондықтан. Жіберіліп отырған олқылықтардың кімнен екендігін пайымдау оқырмандарға қиынға соқпас. Сөйте тұра, кінәнің басымырағы облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшыларында екендігі даусыз. Өйткені, қазір аудандық орталық аурухана түгелдей облыстық денсаулық сақтау департаментіне қарап кетті. Тиын-тебеніне дейін содан алады. Қаражат та солардан бөлінеді. Ендеше, департамент басшылары өздерінің бағынышты саласына қамқорлықпен қарауын жөн деп білеміз.
Осының алдында ғана аудандық мәслихат хатшысы М.Кенғанов облыстық денсаулық сақтау департаментінің директорына қатынас хат жолдап, бүгінгі орталық аурухананың жұмысына қанағаттанбайтындығын, оның жұмысына өткен жылы сессияға қарап осындай баға берілгендігін қаперге берді.
Облыстық «Атырау» газетінде облыстық газеттің меншікті тілшісінің «Ауқатты ауданның саулығында ақау бар», «Тосыннан күн суытса, қиындық болар түрі бар» атты сын мақалалары шықты. Осында аудандық аурухананың жағдайы толық көрсетіліп, кемшіліктері өткір сыналды. Содан бері де аурухана жұмысында қозғалыс жоқ. Ауруханаға түскен ауруларды қарау, емдеу, оларға жағдай жасау, қызмет көрсету дәрежесі өте төмен.
Адам денсаулығын сақтау жөнінде ірілі-ұсақты проблема жоқ. Бұл орайда бәрі маңызды. Ендеше, бұл саладағы жұмысқа селқос қарау ойсыраған олқылыққа апарып соқтырады.
Бұл жерде аудан басшыларының да жіберіп отырған кемшіліктері бар. «Мынау менікі, мынау сенікі» демей, мойынға түскен күшті бірге көтеру, жоғары ұйым басшыларының алдына принципті талап қою әлі де жеткіліксіз. Тіпті істеп кетсе қолдан келмейтін проблема жоқ екендігі де аңғарылып қалды басқосуда. Сөз соңында мына мәселені де айтпай кетуді ыңғайсыз санадық.
Бұдан бұрын облыстық баспасөз бетінде аудандағы толғақты мәселелер аз көтеріліп жүрген жоқ. Бірақ соған жауап беріп жатқан биліктегілерді көрмедік. Аудандық мәслихаттың хатшысы бұдан бұрынырақ денсаулық сақтау жөніндегі сессияда қаралған мәселенің орындалуы және облыстық газетте көтерілген кемшіліктердің қаншалықты іске асқандығын тұрақты комиссияның отырысында қайта қарап, пысықтауын орынды деп есептедік. Мұны бір жағынан газет сынына жауап әрі тұрақты комиссия шешімінің арқауына айналғандығы деп білеміз. Мұнымен бірге жергілікті халық қалаулыларының өз сессияларын аудандағы маңызды мәселелерді қозғап жүргені өз алдына, біздің де дабылымызға құлақ асып, бізбен бірге халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау, елдің еңсесін биіктету жөніндегі атқарып жатқан жұмысына ризалығымызды білдіруді артық көрмедік.
Жақында осы дабылдар әсер етті ме, әлде басқа да себептері бар ма - аудандық аурухананың бас дәрігері Т.Қалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен жұмыстан босатылды. Аудандық аурухананың бас дәрігері болып Т.Қыдырбаев тағайындалды.

 


Бақытжан БОЗДАНҰЛЫ, «Атыраудың» меншікті тілшісі, Жылыой ауданы
«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3540