Сенбі, 20 Сәуір 2024
4303 2 пікір 5 Желтоқсан, 2020 сағат 13:58

Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы қанша?

Қазақстанда келер жылға (2021 жыл) арналған зейнетақы мен еңбекақының ең төменші мөлшері белгіленді. Аталған өзгертулер: «2021-2023 жылдарға арналған Республикалық бюджет» туралы заңға енгізілген. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Сонымен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

Ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;

Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 18 524 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;

Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер, айыппұллар мен салық және басқа да ҚР заңнамаларында көрсетілген төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкүріс минимумы – 34 302 теңге.

Айта кетейік, осыған дейін президент Тоқаев Қазақстанның 2021-2023 жылдарға арналған Республикалық бюджеті туралы заңға қол қойған.

Abai.kz

2 пікір