Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2582 2 пікір 3 Желтоқсан, 2020 сағат 12:46

Сайтымызға сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары

«Abai.kz» ақпараттық порталының (бұдан ары – Сайт)  меншік иесі – «Абай ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» Қоғамдық Қоры. «Abai.kz» ақпараттық порталы 2009 жылдың 15 сәуір күні құрылған. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлау керек! Осыған байланысты:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына негізделген Қазақстан президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республкасы Парламенті Мәжілісіне кезекті сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер ұсынған және тіркелген, Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісіне депутаттықтан үміткерлерді (бұдан ары – саяси партиялар), сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарлаймыз.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі:

Сайттан интернет алаңдарын беру партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сенімді өкілі арасында үгіт-насихат материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісмшарт негізінде жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 27-бабы, 2-тармағының талаптарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де басталады.

Сайтқа жазбаша өтініш осы Ақпараттық хабарлама негізінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайынғы сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы  қаласы,  Уәлиханов көшесі, 64/47 үй, 6 қабат, 623 офис мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда қаржыландыру көздері, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.

Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтіншітердің келіп түсу реттілігіне байланысты сайттың меншік иесімен белгіленеді.

Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі:

Сайтқа үгіттік баспа материалдары мақала жарық көретін датаға 1 (бір) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.

Сайтқа берілген материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Сайт саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.

Сайт  алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері:

https://www.election.gov.kz/upload/docs/2020-10/sved_predostavleniya_efira/internet_smi_too_abai_aqparat_rus.pdf

Төлем сайт меншік иесінің банктік реквизиттері интернет алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген реквизиттеріне төленеді.

Abai.kz

2 пікір