Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2532 0 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 17:21

Әзербайжан әскері Лачин ауданына кірді

Әзербайжан армиясының бір бөлімі Таулы Қарабақ пен Армения ортасындағы Лачин ауданына кірді. Бұл туралы Әзербайжанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Лачин ауданы – Таулы Қарабақта оқ атуды доғару жөніндегі келісім негізінде Баку бақылауына өтетін үш ауданның бірі.

Министрлік жариялаған видеода әскердің аймаққа кіріп жатқаны бейнеленген.

20 қарашада Әзербайжан әскері Агдам ауданына орналасты. Бес күннен соң әскер Келбаджар ауданына кірді. Сол кезде Баку бейбіт тұрғындардың ауданнан кетуіне он күн уақыт берген.

9 қарашада Армения премьер-министрі, Әзербайжан және Ресей президенттері Таулы Қарабақта атысты доғару жөнінде келісімге отырды. Құжатқа сәйкес, Таулы Қарабаққа Ресейдің бітімгер әскері орналасады, ал Қарабаққа жапсарлас жатқан аудандар Әзербайжан бақылауына өтеді.

Кеше Армения президенті Армен Саркисян Ресей президеті Владимир Путинге хат жазып, Әзербайжандағы армян тұтқындарын қайтаруға көмектесуін сұраған.

Abai.kz

0 пікір