Жұма, 19 Сәуір 2024
4059 3 пікір 27 Қараша, 2020 сағат 16:04

Қазақстандағы шет елдік компаниялар қанша салық төлейді?

Қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам шетелдік компания жұмыс істейді. Бұл туралы Qazaqstan.tv мәлімдеді.

FinReview.info сарапшылары Қазақстандағы 30 ірі шетелдік салық төлеуші компанияны атады.

2020 жылдың 1 қарашадағы мәліметіне сәйкес, елімізде 22,1 мың шетелдік компания жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырсақ, олардың саны 11,2%-ға артқан. Ал компаниялардың 21,5 мыңы, яғни 97,4% шағын кәсіпорын нысанында тіркелген.

Шетелдік компаниялар көбіне көтерме және бөлшек сауда саласында қызмет етіп жатыр - мұнда 8,7 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс саласы екінші орында - 2,3 мың компания, ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 1,7 мың компания жұмыс істейді.

30 ірі шетелдік салық төлеушілер ішінде төлемдердің 37%-ын «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорындары құйған. Бұл компанияның 50% акциясы «Шевронға», 25% акциясы «ExxonMobil» компаниясына, 20% акциясы «ҚазМұнайГазға» және 5% акциясы «LukArco« компаниясына тиесілі.

Биылғы 9 айда «Теңізшевройл» 832,1 млрд теңге салық төлеген.

Екінші орында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» біріккен компаниялар консорциумы - жыл басынан бері мемлекет қазынасына 398,5 млрд теңге құйған.

Сондай-ақ үздік үштік қатарында «Қазцинк» ЖШС бар - 109,3 млрд теңге салық төлеген.

Қазақстандағы ТОП-30 ірі шетелдік салық төлеушілер:

Abai.kz

3 пікір