Жұма, 29 Наурыз 2024
5001 17 пікір 27 Қараша, 2020 сағат 13:06

Қырғыздар орыс тілінен бас тарта ма?

Күні кеше Қырғызстан Конституциялық кеңесінде қоғам қайраткері Садирдин Төралиев орыс тілін ресми мәртебесінен алып тастау туралы ұсыныс айтты. Бұл жөнінде 24.kg мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қырғыз жастары өз ана тілін ұмытып бара жатыр.

«Бұл радикалды болып көрінуі мүмкін. Бірақ мен - мемлекеттік тіл ретінде тек қырғыз тілін қалдыруды ұсынамын. Біз басқа тілдерді басқа заңдармен дамытатын боламыз. Қазір орыс тілі ресми мәртебеге ие. Біз оған үйреніп, байланған иттей болып отырмыз. Бұлай болмауы керек», - деді ол.

Сонымен қатар Төралиев болашақта қырғыз тілі жойылып кетпеуі үшін оны дамытуға жағдай жасау керектігін айтты.

«Жастар неге қырғыз тілін үйренбейді? Себебі оған қажеттілік жоқ. Сіз сол қажеттілікті жасауыңыз керек. Сонда ғана барлығы қырғыз тілін үйреніп, сөйлейтін болады», - деді қоғам қайраткері.

Төралиевтің бұл сөзі Конституциялық жиналыста біраз талқыға түсіпті. Алайда, бүгін Конституциялық жиналыстың «Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары» бөлімінің жетекшісі Нұрлан Шерипов онлайн брифинг өткізіп, орыс тілі Қырғызстанның ресми тілі болып қала беретінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, әртүрлі ұсыныстар болған, бірақ Конституциялық жиналыс мүшелері негізгі заңда қырғыз тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін елдің ресми тілі ретінде қалдыру туралы шешім қабылдаған.

«Орыс тілі ресми тіл болып қала береді. Конституциялық мәжіліс қырғыз тілін мемлекеттік тіл, ал орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Ағылшын тілін енгізу туралы ұсыныстар болды, бірақ біз Конституцияның осы бөлігіндегі тұжырымдамасы қалады деп шештік», - деді ол.

Айта кетейік, қазір Қырғызстанда Жаңа Конституция жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Оның мәтіні парламенттің ресми сайтында жарияланған.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551