Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4502 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:26

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕСІЛ ЕР

Тарихымыздан ойып тұрып орын алған тұлғалар бар. Олар елеусіз қалып, шаң басқан мұрағаттардың сөрелерінде жеке істері қозғаусыз қалуда. Солардың бірі – Асфендияр Кенжин.
Асфендияр Кенжин 30-жылдардағы асыра сілтеу кезеңінде жазықсыз жазаланып, кеш ақталған асыл азамат (Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуінде» есімі ұшырасатынын айтпағанда) күні бүгінге дейін жарытулы әңгіме қозғалмай келеді.
1936 жылғы шілде айының бір күні болатын.Бұл кезде КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі дайындау комитетінің Түркіменстан бойынша өкілі болып қызмет істеп жүрген Асфендияр Кенжин жұмыстан кейін үйіне беттеді.
Жолшыбай оны ауыр ойлар мазалап келеді. Ол, әсіресе, соңғы айлардағы «жаңалықтардан» секем алып жүретін. Ішкі істер Халық комиссариаты Мемлекеттік қауіпсіздігі басқармасының ерекше бөлімінде істейтіндер өздерін тым еркін ұстап, елдің шырқын бұза бастады. Олар кез келген адамды «контрреволюциялық қызмет үшін» тұтқындауға кірісті. Тіпті әскери прокуратураның рұқсатын да алмайтын болды, тек біреудің өсегі немесе тергеуде отырған адамдардың ешбір дерек-дәлелге негізделмеген жаласы болса, жетіп жатыр, алады да қамайды…

КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежовтың аса құпия бұйрығы мен КСРО бас прокуроры Вышинскийдің нұсқауы бойынша тұтқындау үшін процессуалдық норманы сақтаудың және алдын ала келісім алудың қажеті жоқ еді. Асфендияр кезінде Алаш партиясының ІІ съезіне Гурьев ұйымынан делегат, Алашорданың орталық Кеңесіне мүшелікке кандидат болып сайланған еді. Торғайдағы әскери кеңестің мүшесі болды. Қаумалаған ой үстінде үйіне жеткен Асфендиярды жұбайы Жанета мен балалары әдеттегідей қуана қарсы алып еді. Бірақ… киімін шешініп үлгермей жатып есік зіркілдеп қағылды. Артынша әскери киімді екі адам кірді де, Асфендиярға қамауға алу туралы ордерді көрсетті. Сөйтіп, 28 шілдеде БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Партиялық Бақылау Комитетінің Ашхабадтағы көшпелі «үштігі» А.Кенжинді Алашорда ұйымымен байланыста болғаны үшін партия қатарынан шығарады да, кейін ату жазасына кесіледі. Көп ұзамай «халық жауының әйелі» болғандықтан Жанета Рамазанқызы да 8 жыл мерзімге жер аударылады. Жанетаның қыз кезіндегі тегі Смольская, Белоруссияда туылған. Ана тілі – поляк тілімен қатар орыс, украин, белорус тілдерін өте жақсы білген. Оның ата-анасының мұсылман дінін қабылдағаны туралы деректер бар көрінеді.
Асфендияр Кенжин 1887 жылы облысымыздың Плотавин селолық кеңесіндегі (Еркінқала) Тоқтар аулында дүниеге келген. Балалық шағын әкесіне көмектесіп, қазақтардың малын бағумен өткізген, сауатын ауыл мектебінде араб әліпбиімен ашады.
А.Кенжин І Мемлекеттік Дума атына қазақ жерінің талан-таражға түсуі жайында екі рет хат жолдайды. Бұл хаттар Ойылдағы полицияның қолына түсіп, хат авторы бақылауға алынады. Асфендияр Кенжин өзінің білімі мен біліктілігі, беделінің арқасында жастардың революциялық танымдарының қалыптасуына елеулі үлес қосады. Алаш партиясының бастауында тұрған Әлихан Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл орайда Ахмет Байтұрсыновтың ықпалы болғандығын атап айтқан жөн.
Асфендияр Кенжин бұратаналар бөлімінде талай игі істердің ұйтқысы болады. 20-жылдары республикамыздың оқу-ағарту Халық комиссариаты жанындағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі орталық Комиссияның төрағасы, үш рет БК(б)П өлкелік комитетінің мүшесі, республика орталық Атқару Комитетінің мүшесі, 4 сайланған КСРО Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланады. Қазақ КСР Сауда Халық Комиссары, КСРО Сауда Халық комиссариаты құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан халық шаруашылығы Кеңесінің төрағасы, Алматы шұға фабрикасының директоры болады. Ал, 30-жылдары Қазақ өлкелік «Қой шаруашылығы» («овцевод») конторының өкілі. Семей ет комбинаты құрылыс бөлімінің бастығы, «Қазлес» орман тресінің өкілі, қуғынға ұшырағанға дейін КСРО Халық Комиссарлары Дайындау Комитетінің Түркімен КСР-ы бойынша өкілі болып қызмет істеді.

«Атырау» облыстық газеті

0 пікір