Жұма, 29 Наурыз 2024
2201 0 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 12:02

Науқан басталғалы бері ОCК 34 өтінішті қарады

21 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түскен, оның ішінде: 5 – жеке тұлғадан, 29 – заңды тұлғадан, 13 – БАҚ-тан.

Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша өтініштерді келесідей бөліп қарауға болады: 50% (17) – сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіру туралы; 17% (6) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; 12% (4) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; 21% (7) – өзге де мәселелер бойынша.

Көрсетілген кезең ішінде келіп түскен 34 өтініштің ішінен: ОСК аппараты 22 өтініш берушіге белгіленген мерзімде толық жауап берген; 4 - Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен, заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды; бір өтініш қайталап берілген өтініш болғандықтан қараусыз қалдырылды; БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды; 5-өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.

Өтініштерді қарау кезінде Орталық сайлау комиссиясы мен ОСК аппараты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды басшылыққа алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3589