Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2250 0 пікір 23 Қараша, 2020 сағат 17:52

Ассамблея еріктілері жылды қорытындылап жатыр...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған алғашқы сәттен бастап ел үшін еңбек етуге білек сыбана кіріскен жастар мен қоғамдық ұйымдар аз болмады.

Солардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея еріктілері де бар... Коронавирус індетінен болған пандемия секілді ел бірлігі сыналар күн туғанда да Ассамблеяның ерікті жастары алдыңғы шептен табылғаны ақиқат. Ассамблея мен елдегі этно-мәдени бірлестіктер жанынан түрлі еріктілер ұйымдары құрылып, елге қызмет етті.

Биыл жыл жабар уақытқа таядық. Ассамблея еріктілері де биылғы жылғы атқарылған шаруаларды тиянақтап, келер жылдың жоспарын жасауды бастап кетіпті. Біз шолып шықтық...

Маңғыстау еріктілері экоакцияға шықты

2 қараша. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен ұйым жанындағы еріктілер экологиялық акция ұйымдастырды. Маңғыстау облысындағы эктно-мәдени бірлестіктер мен Маңғыстаулық волонтер жастар, «Ақтау» мейірімділік клубы мен «Түпқараған қайырымды жанжары» еріктілері Маңғыстауданы туристік орындарда экологиялық акцияға шыққан.

Атап айтқанда, Маңғыстаудағы «Саура» шатқалының аңын түрлі тұрмыстық қоқыс-қалдықтардан тазартқан.

«Біз өз еліміздің патриот азаматтарымыз. Сондықтан да, Маңғыстау өңірінің азаматтарын һәм сырттан келетін туристерді табиғаттың осынау бір әдемі келбетін қорғап сақтауға шақырамыз. Біз бұл акция арқылы, өңірдің басқа да тұрғындарын және мұндай саяхаттап келушілерді игі іс жасауға бастамашы болып, ой тастағымыз келеді», - дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Қазақ тілінің еріктілері жылы!

11 қараша. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен «Бір шаңырақ астында биік мақсаттарға...» атты жиын өткен еді. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысқан.

Аталған жиында Ассамблеяның Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілі Юлия Лагуткина сөз алып, келер жылды «Қазақ тілін үйретуші еріктілер жылы», деп жариялауды ұсыныпты.

«Құрметті Президент мырза! Сіздің «Қазақ тілі  ұлтаралық қатынас тіліне айлануы керек» деген нақты тапсыма бердіңіз. Бұл тапсырмаңызды мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары күнделікті өмірде орындап келеді. Біздің Ассамблеясы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум бір жылдың ішінде 4 рет ұйымдастырылды. Қазақ тілін меңгеру жқнінде конгресс өтті.

Келер жылды «Қазақ тілін үйретуші еріктілер жылы» деп жариялауды ұсынамын. Өйткені, Қазақ тілі ұлтты біріктіретін,еліміздің барлық жастарын жақындастыратын тілге айналуы керек», - депті Лагуткина.

Қызылордалық еріктілер жылды қорытындылады

20 қараша. Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде «Еріктілер – ел жанашыры» атты волонтерлер жылының қорытынды жиыны кездесуі өтті. Қазақстан халқы Ассамбелиясы мен Назарбаев зияткерлік мектебі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының волонтерлері биылғы жылғы атқарылған шаруалар жайлы есеп жасап, келер жылдың жоспарын талқылаған.

«Ерікті болу, мұқтаж азаматтарға қол ұшын беру – сөзсіз игілікті іс. Осы арқылы біз бір-бірімізге жақындай түсеміз. Еріктілік – қоғам үшін ауадай қажет адал еңбек!  Оны ұлт болып ұйысып атқару – әуелі мемлекетті нығайту үшін де маңызды», - дейді Қызылордалық еріктілер.

Талдықорғандық еріктілер жылды қорытындылады

23 қараша. Талқыдорғандық «ДОС» әлеуметтік еріктілер ұйымы «Birgemiz Bilim» жобасын қорытындылады.

«Birgemiz Bilim» жобасы аясында Талдықорған волонтерлері Алматы облысындағы ауылдық елдімекендерде ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі, компютерлік және құқықтық сауаттылық үйірмелерін ашып, ерікті түрде көмек көрсеткен еді.

Аталмыш шара аясында облыстағы «ANTIKOR.INFO.KIDS» мектеп оқушылары мен балаларға арнап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық сауаттылық мектебін ұйымдастырған. Сондай-ақ, «DosCamp.kz» онлайн лагері ұйымдастырылған. Ерікілер жобасының барлық кезеңінде 200-ге жуық бала ағылшын тілін оқыған және 200-ге жуық бала ҰБТ-ға дайындық курсын алған. Алматы облысындағы ауылдық елдімекендердің 3 мыңға тарта оқушысы еріктілер көмегімен білімдерін жетілдірген. Аталған шараға жалпы саны 100-ге тарта волонте қатысқан.

Abai.kz

0 пікір