Сенбі, 20 Сәуір 2024
3658 1 пікір 25 Қараша, 2020 сағат 10:36

Текебаевты депутаттық мандатынан айырды

Бішкек соты Қырғыз конституциясының атасы аталып кеткен «Ата Мекен» партиясының лидері Өмірбек Текебаевты депутаттық мандатынан айырды. Бұл туралы қырғыздың қоғам белсендісі Темирлар Ормуков өзінің «Facebook» желісіндегі парақшасында жазды.

Бішкектегі Бірінші май аудандық соты 23 қарашада белсенді Темирлан Ормуковтың Омурбек Текебаевты депутаттық мандатынан айыру туралы шағымын қанағаттандырған.

Бұл ақпаратты «Ата Мекен» партиясының лидері Омурбек Текебаев растады. Ол сот отырысына қатысқанын, мұның саяси астары бар екенін мәлімдеді.

«Бұл саяси шешім. Қазір билікте отырғандар парламенттегі өзге депутаттардың көзінше мені қорқытып, қажет болса мандатыңды тартып аламыз деп ескерткен. Соттар саяси тапсырысты орындауды жалғастырып жатыр»,- деді саясаткер. Сот шешімі 30 күннен кейін күшіне енеді.

Орталық сайлау комиссиясы әзірге бұл жаңалыққа түсініктеме бермеді.

15 қазанда «Ата Мекен» фракциясының өкілі Садык Шер-Нияз депутаттық мандатынан бас тартқаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы мандатты Омурбек Текебаевқа берген.

Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы ресейлік кәсіпкерден пара алды деген айыппен 8 жылға сотталды. Олар мұны сол кездегі президент Алмазбек Атамбаев тарапынан саяси қудалау деп баға берген.

Abai.kz

1 пікір