Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
1914 0 пікір 21 Қараша, 2020 сағат 19:52

Cыртқы саясат. Қазақстан Халықаралық байланыстарын нығайта түсті...

Қазақстан Халықаралық саясатта көпвекторыл бағытты ұстанушы мемлекет. Қазақстанның 2020-30 жылдаға арналған «Сыртқы саясат туралы» арнайы тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан мемлекеттің дамуы үшін көпвекторлы әрі белсенді сыртқы саясат жүргізуі керек.

Сондай-ақ, құжатта Қазақстан Халықаралық байланыстарды нығайтып, мемлекетаралық байланыстардың қауіпсіз түрлерін іздестіруі және Халықаралық аренада, Еуразия және ОА өңіріде геосаяси ойыншыға айналуы керектігі жазылған.

Аталмыш бағыттағы атқарылған шаруалардың бір көрінісі ретінде Мемлекет басшысының шетелдік әрептестерімен жүргізген келіссөздерін айтуға әбден болады. Осы ретте біз Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қараша айындағы шетелдік әрептестерімен өткізген кездесулері мен телефон арқылы жасаған байланыстарына шолу жасағанды жөн деп таптық.

Казахстан и Австрия наметили перспективы расширения долгосрочного  взаимодействия | BaigeNews.kz

3 қараша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айтып, хат жолдады.

«Терроризмнің кез келген формасына жол беруге һәм оны ақтауға болмайды. Осындай зұлымдыққа барған кінәлілер табылып, жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқы мен өз атымнан террорлық актіден зардап шеккен, қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтамын. Осындай қаралы күнде біз Австрия халқымен біргеміз», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 1992 жылдың 18 қаңтарында Австрия Қазақстанның егемендігін танитынын жариялаған. Ал 1992 жылдың 19 ақпанында екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатыла бастаған. 1995 жыл алғаш рет Австрияда Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшілігі ашылған.

Казахстан увеличивает товарооборот с Афганистаном, восстанавливая экономику  этой страны

3 қараша. Қазақстан президенті Ауғаныстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғаниға көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Осыған дейін Ауғаныстанның Кабул университетіне лаңкестік шабуыл жасалып, бірнеше адамның қаза тапқаны БАҚ-та жарияланған. Қазақстан президенті Ауғаныстан халқына және лаңкестік шабуылдан қаза тапқан отбасыларға көңіл айтқан.

10 қараша. Президент Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының  басшыларының отырысына қатысты.

Аталған саммитті бұл жолы Ресей ұйымдастырған. Қазақстан президенті өз кезегінде ШЫҰ құрылған 20 жылда атқарылған шаруаның аз еместігіне тоқталып, осы уақыт ішінде ШЫҰ Халықаралық саясат алаңында өзінің эффективтілігін көрсеткенін айналғанын атап өтті.

«Шанхай ынтымақтстық ұйымы құқықтық жағынан дүниежүзінің 4/1-ін, жер бетіндегі барлық халықтың 40 пайызын һәм әлемдік ЖІӨ-нің 3/1-ін қамтитын кеңістікте өзін халықаралық ынтымақтастықтың тиімті формасы ретінде дәлелдеді», - деді президент Тоқаев.

11 қараша. Президент Тоқаев Катар әмірі Шейх Тамим бен Хамад әл Танимен телефор арқылы сөйлесті.

Катар мемлекеті Covid-19 індетімен күрес үшін Қазақстанға қажетті медициналық құрал-жабдықтар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Қазақстан президенті осы көрсетілген көмек үшін Катар әміріне алғыс айтып, «бұл қадамды шынайы достықтың көрінісі», деп бағалайтынын айтқан.

Екі тарап та коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық дағдарыстан болған күрделі жағдайға қарамастан екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды әрі қарай да жалғастыруға мүдделі екендіктерін жеткізді. Атап айтқанда, банк, қаржы, көлік және логистика, эенергетика және ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша ауқымды жобаларды бірлесіп атқару турал уағдаластыққа келген.

11 қараша. Қазақстан президенті Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-жапсарын талқылап, интеграциялық бірлестіктер аясында өзара ықпалдастық және әріптестік туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, екі ел президенттері Таулы Қарабақтағы соғыс жағдайын да сөз етті.

12 қараша. Президент Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақ және өзбек президенттері екі ел арасындағы осы уақытқа дейін қол жеткізілген келісімдер шеңберінде екіжақты қарым-қатынастардың жалғаса беретінін айтты. Әңгіме барысында жуық арада бірлесіп атқарылатын шаруалардың да жай-жапсары пысықталды.

Қазақстан және Өзбекстан президенттері Орталық Азиядағы аумалы-төкпелі ахуалдарды талқылап, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін алдағы уақта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.

13 қараша. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлескен.

Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының президенті міндетін атқарушы һәм Қырғызстан премьер-министрі болып жуырда таңдалған. Әңгіме барысында Қазақстан президенті Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара қарым-қатынастарды күшейту мақсатында атқарылатын шаруаларды келіскен. Өз кезегінде президент Тоқаев Қырғызстанның саяси тұрақтылығын қолдайтынын айтқан.

Новости Казахстана - Казахстан и Молдова будут сотрудничать в сфере  здравоохранения

16 қараша. Президент Тоқаев Молдованың жаңа президенті Мая Сандуды құттықтап, жеделхат жолдаған. Онда: «Бұл сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз демократиялық тұраұқты һәм экономикалық дамыған мемлекет құру жолындағы бастамаларыңыздың халықтық қолдау тапқанын көрсетеді. Біз күш біріктіре отырып, алдағы уақта да Қазақстан-Молдова қарым-қатынастарын нығайта түсеміз деп сенемін», - деп жазылған.

20 қараша. Президент Тоқаев ресейлік әскерлік делегацияны қабылдады. Елордадағы «Астана» ХҚО-да Ресей Үкімет басшысының орынбасары Алексей Оверчук бастап келген іскерлік делегацияны қабылдаған. Бұл жолығу барысында екі тарап – Қазақстан мен Ресей тарапы цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516