Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
2239 3 пікір 23 Қараша, 2020 сағат 11:12

Еуроодақ Таулы Қарабаққа 3 млн евро көмек береді

Еуропа одағы Таулы Қарабақтың қарулы жанжалдан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек беру үшін қосымша 3 млн евро бөлді. Бұл туралы ЕО мәлімдемесінде айтылды.

Бұның алдында, қазан айында ЕО 900 мың евро аударған.

Еуроодақтың дағдарыстарды еңсеру жөніндегі комиссары Янез Ленарчич аймақта атыстың тоқтағанын құптады. ЕО мәлімдемесінде гуманитарлық ұйымдар аймаққа азық-түлік, қысқы заттар, медициналық құрал-жабдықтар және басқа да ең қажетті заттар жеткізе алатыны айтылды.

Таулы Қарабақта биыл қыркүйектің соңында қарулы жанжал қайта тұтанды. Түркияның көмегіне сүйенген Әзербайжан Қарабақтағы бірнеше аудан мен Шушу қаласын жаулап алды. Қарабақтың ежелгі астанасы жаулап алынған күні ертесіне Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары бейбіт келісімге отырды.

Abai.kz

3 пікір