Сенбі, 20 Сәуір 2024
3958 2 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 15:00

Түркия Әзербайжанға әскер жібереді

Түркиялық NTV арнасы ел президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға әскер жіберу туралы жарлығын мақұлдағанын хабарлады,- деп жазды Newsroom.kz сайты.

Ел басшысының ұсынысын билік басындағы «Әділет және даму партиясы», «Республикалық халықтық партия», «Жақсы партиясы» мен «Ұлттық бірлік партиясы» қолдаған.

Әзербайжанға Түркия әскерін жіберу туралы жоба меморандумы қаралымға 16-қарашада ұсынылған еді. Құжатқа сай әскерилер бір жыл бойы Баку мен Ереван арасындағы тыныштықтың сақталуын қадағалайды. Ресей СІМ Сергей Лавровтың айтуынша Түркия әскері Қарабаққа кірмей, жағдайды Әзербайжанның ішкі аумағынан бақылайды.

Abai.kz

2 пікір