Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2753 5 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 12:59

Биыл қанша қандас Қазақстан азаматтығын алды?

Сонау Тәуелсіздік таңы атқан күннен бастап, әлемнің әр түкпіріне тарыдай шалыған қазақтың басын атажұртта қосу мемлекеттік саясаттың басты бағдарларының бірі болғаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алыстағы ағайынға ақтілек хатынан кейін, 1991 жылдың сәуірінде шекара шетіндегі қазақтың алғашқы легі қазақ топырағына көш бұрды. Алғашқы келушілер Моңғолиядан еді. Елбасы бастамашы болған осы бір қазақ көші күні бүгінге дейін үзілмей келеді. Соңғы есептерге көз жіберсек, сонау 1991 жылдан бастап бүгінге дейін ұзын-ырғасы 1 миллионнан аса қазақ атамекенге көшіп келген екен. Және олардың саны жыл санап көбейіп келеді. Салыстыру үшін, бұл сан әуел баста (1991-98 жылдары) 50 мыңның айналасында болған.

Биыл ше? Биыл қанша қандас Қазақстанға біржола қоныс аударды? Қаншасы Қазақстан азаматтығын алды? Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың 1 қарашасындағы есеп-қисаптарын жариялапты. Ол бойынша, биыл барлығы 12 мыңға жуық этникалық қазақ Қазақстанға көшіп келіп, «Оралман мәртебесін» алыпты. Нақты саны – 11,8 мың адам.

Ал 1991 жылдан бері ұзын-саны 1 миллион 69,1 мың шетелдегі этникалық қазақ елге оралған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, биыл елге оралып, азаматтық алған, азаматтыққа өтініш тапсырған азаматтардың дені Қытай Халық Республикасынан қоныс аударғандар екен (55 пайызы). Тағы 28,8 пайызы Өзбекстаннан көшіп келгендер болса, 9,1 пайызы Түркіменстаннан, 3,4 пайызы Моңғолиядан және 2,9 пайызы өзге шет мемлекеттерден қоныс аударғандар.

Көшіп келген азаматтардың 52,3 пайызы Алматы облысына көш тіресе, 13,4 пайызы Маңғыстау, 5,5 пайызы Түркістан облыстарына барып орналасқан. Биыл Қазақстанға келген қандастардың 4,1 пайызы Елорда мен Елорда маңына қоныстанса, 5,7 пайызы Алматы қаласында қалған.

Биылғы жылдың 10 айындағы есеп-қисап бойынша, көшіп келген азаматтардың 55,9 пайызы еңбекке қабілеттілер категориясына кірген. Еңбек жасына жетпейтіндер, яғни кішілер саны 32,6 пайызды құрапты. 10,5 пайызы зейнеткерлер екен.

Салыстыру үшін былтыр 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстанға көшіп келіп, «оралман мәртебесін» алған. Ол кезде көшіп келушілердің басым бөлігі Өзбекстаннан болған (48,5 пайыз). Онан соң Қытайдан келгендер көп болған (36 пайыз). Моңғолиядан келгендер 6,2 пайыз, Түркіменстаннан келгендер 5,4 пайыз, Ресейден келгендер 1,1 пайыз, Ираннан келгендер 0,5 пайыз болған.

Дүниежүзілік саясат практикасында шеттегі өз қандастарын елге шақырған ел саусақпен санарлық. Бірі – Германия, екіншісі – Израиль болса, үшіншісі – өзіміздің Қазақстан. Ашық дереккөздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан шекарасының сыртында ұзын-ырғасы 5 миллионға жуық қазақ өмір сүріп жатқаны айтылады. Олар әлемнің 44 мемлекетінде орналасқан. Соның ішінде, Қытайда 2 миллионға жуық, Ресейде 1 миллионға жуық этникалық қазақ бары айтылады. Жоғарыда өз қандастарын атамекенге шақырған үш мемлекеттің барын айттық. Ресей бұл санатқа былтыр ғана қосылды. Расында, алғашқыда қазақ көші-қонының өз қиындықтары болды. Құжаттық рәсімдеу, көшіп келген азаматтарды орналастыру т.б. бірақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төтелей араласуымен көш төңірегіндегі кедергілер дер уағында шешіліп отырды. Соның арқасында 30 жылға жуықтаған қазақ көші бүгінде тоқтаусыз жалғасып келеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2254
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522