Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 3687 4 пікір 18 Қараша, 2020 сағат 11:30

Қарабақтағы фейк соғысы...

Қазіргі әскери қақтығыс тек қарудың күшімен жүзеге асады десек қатты қателесеміз. Шындықтың өңін айналдырып беретін фейк соғысы әлемдік саяси аренада өз шыңына жетті. Оған таяуда болып өткен «Қарабақ соғысы» куә. Не болмаса, Ресейдің «Шығыс және Солтүстік Қазақстан ежелгі орыс жері» деген ертегісіне сенетіндер саны солтүстік көршіміздің 90 пайыз халқын иландыруда. Міне, фейктің күшін осыдан-ақ көре беріңіз. Фейкке малданғандар саяси нашақорлар олардың дүниетанымын парасаттылықпен емдеп жаза алмайсың!

Түрік пен Әзербайжанның сыртқы барлауы «армяндар жеңіп жатыр», «Сүрия содырлары әзербайжан жағында соғысуда» деген сияқты фейк хабарлар таратуды жақсы жолға қойып, әлем жұртшылығын алдап соқты деген ақпараттар тарауда

Ақпарат та – қару. Әлем елдерінің бір-біріне қарсы тұруы өрістеп келеді. Тіпті онлайн шайқастар да орын ала бастады. Заманалық технология дұшпан елдің инфрақұрылымына шабуыл жасап, ұлттық  серверлері мен мәліметтер қорын өз кәдесіне жарата да алады.

Ресейдің мәңгілік одақтасы саналатын армяндардың санасына шабуыл жасауды ұзақ жыл өз қолында ұстаған ағылшын, түрік пен әзербайжан барлауы «Қарабақ соғысында» осы мүмкіндігін сәтімен жүзеге асырды. Бұл жайында ТМД «Геосаяси проблемалар Академиясының» Президенті Леонид Ивашов: «Бүгінгі БАҚ дегеніміз – жаппай қырып жою қаруының бір түрі. Ол ең алдымен сананы улайды... Ал, ең басты зардап Інтернеттегі өтірікті шындықтан айырудың мүмкін еместігі. Пікірі бұзықтар осыны сәтімен пайдаланып жүр»,- дейді. 

Интернеттің бір мезетте ақпарат алу жағынан TV, радио мен баспа БАҚ алмастыруы шындықтан фейкньюсті айырып алуды тіптен қиындатып жіберді. Ешбір ел өзін ақпараттық-психологиялық шабуылдан қорғай алмайтын пүшайман күйге түсті.  

Қазір Қарабақ қақтығысы турасында кең көлемді жалған ақпарат орын алғандығын Батыс және Орыс  мониторинг жасайтын кампаниялары DataLocator жетекшісі Эдгар Григорянның бел шеше араласуымен анықтап отыр. Қыркүйек пен қараша аралығында армян тілді інтернет сегменте 6498 фейктік аккаунттар жұмыс істеп, оларға қолданушылар 20 миллион коментарий қалдырған.

Інтернет ақпараттарды өңдеп және сараптама жасайтын DataLocator жетекшісі Эдгар Григорян армяндар санасын улайтын фейктік ақпарат таратуда Әзербайжан, Түркия және Ұлыбритания көш бастап тұр дейді. Әзербайжан 31%, Түркия 21% және Ұлыбритания 19% армяндарға қарсы фейктік арналардың інтернет-ресурстарына иелік етуде екен. Осы бір орталықтан басқарылған тап осындай үш орталық дүниені астаң-кестең ете алды дейді  Григорян.

Әзербайжан, Түркия және Ұлыбритания ауыз жаласып, өздерінің ежелгі қас дұшпандары Армения мен Ресейді сан соқтырғаны жайында Эдгар Григорян: «Осындай фейктік аккаунттардың басты мақсаты інтернеттің армян тілді сегментін пайдаланушыларды «Арменияға Ресей керек емес, армян армиясы былайда күшті», Ереванның билеуші тобының әм армян зиялылары санасына: «Ресей көмегінен бас тарту қажет» және «Ресей ТМД тираны» деген ақпараттың шынайылығына сендіру ұзақ уақыт бойы орны алды» деп өз түсіндірмелік пайымдауын жасайды.

Егер Эдгар Григорян сөзіне сенетін болсақ, бәрі де армяндық ArmFriends әлеуметтік желісіне IP-адрестері шетел аумағындағы армян қолданушыларының жаңа аккаунттарының жаппай тіркелуінен бастау алыпты. Осы ресурстар күш алып, әлеуметтік желі ішінде «үрейшіл көңіл-күй» қалыптастырып, жалған ақпарлар легін тасқындатуда Facebook, Instagram, Telegram, "ВКонтакте", "Одноклассники" әлеуметтік желілері де өз үлесін қосыпты. 

Қалай Таулы Қарабақ конфликтісі өз шегіне жетті, тап солай «Әзебайжан әскері тас-талқан болып, армян армиясы жеңіске жетіп жатыр» деген жалған хабар тарай бастады. Бұл шындық пен жалғандық арасындағы інтернет соғысы еді. Біртұтас армян ұлты екіге бөлініп кетіп, бір-бірімен айтыс-тартысқа түсті. Біріншіден: ел ішіндегі шынайы хабар алудың жолын кесті. Екіншіден: «бір-біріне қас» екі топты өмірге әкеліп, өзара жауластырып қойды. Григорянша, конфликті басталғаннан кейін бірнеше күннен соң, тап осындай ресурстар «Пашинян бәрімізді сатып, Қарабақты жатқа берді», «Бәріде шешіліп қойды» деген ақапараттарды қойша өргізді. Нәтижесінде Ереванға имидждік, моралдық ауыр соққы жасалды.

«Бәрін Ресей Кавказға өз билігін жүргізу үшін ұйымдастырып отыр» деген ақпаратқа армянда имандай сене бастады деп RT арнасының журналисі Максим Макарычевке берген сұхбатын аяқтайды Эдгар Григорян. 

Сөз соңы. ТМД көлемінде Ресйе барлауы қазаққа қарсы фейктік шабуылын баяғыда-ақ бастап кеткен. Солтүстік көршіміздің іргелі жоо соңғы 7 жылда қазақ тілі факультеттері ашылып, оларда орыс барлауы бізге қарсы пайдаланатын мамандар дайындалып шығып, қазақ тілді әлеуметтік желілерде әм БАҚ бүйректен сирақ шығара бастады. Нәтижесінде қазақтың «Шығысы мен Солтүстігі» орыс пен қазақ арасындағы даулы аймаққа айналып шыға келді. 

Ресейлік әлеуметтік желілерде әрбір ресейлік «Фейкке» ҰҚК және қоғамдық саяси ұйымдар тарапынан «Қазақстан Алтын Орданың бірден-бір мұрагері», «Ресей қазақтың Сібір мен Еділ бойындағы жерін тартып алушы» деген ұлттық идеямен жауап беруге көшейік. Әйтпесе, бәрінен кеш қаламыз.

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530