Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3242 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:16

Әлем МӘДИ. Алаш қаласы ауызсудан азап шегуі мүмкін

Семейліктер ауызсудың азабын тартудың аз-ақ алдында тұр. «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС мемлекет иелігіндегі кәсіпорындарға электр энергиясын пайдалануға шектеу жасамақ. «Семей Су арнасы» МКК энергетиктерге шамамен 100 миллион теңге қарыз. Егер электр көзі ажыратылатын болса, тіршілік көзінен тек тұрғындар ғана емес, әлеуметтік нысандар, соның ішінде емдеу мекемелері де қағылуы мүмкін.

25 маусым күні «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС шығыс өңіріндегі коммуналдық кәсіпорындарды жарықтан шектеу жайлы ақпарат таратты. Осыған байланысты Зырян, Серебрянск және Семейдегі «Семей Су арнасының» нысандары жарықтан қағылды. Бұл ғана емес, 9 миллион теңге қарызы бар Аякөз қаласындағы әскери эксплуатациялық бөлім де жарықтан ажыратылды. Осының салдарынан әскери бөлімнің жүйесі арқылы тоқпен қамтамасыз етіліп отырған бірнеше нысан, атап айтар болсақ, Аякөз мектебі, МАИ бекеті, су стансысы, сонымен қатар саяжай және кәсіпкерлер нысаны, адал ниетті төлемшілер де зардап шегіп отыр.

Энергетиктердің айтуынша, жарықтан шектеу әлеуметтік нысандарға кері әсер етері даусыз. Осыған орай, судың болмайтынын естіген бойда Семейдегі жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері аяқтарынан тік тұрып, мекемедегі бос ыдыстардың барлығына суды толтырып әлек.

Мамандар электр энергиясын шектеудің, өкінішке қарай, соңғы амал екенін айтуда. Өйткені қарызды төлеу графигін жасау, әкімшілік кеңселерін ажырату сияқты іс-шаралар ешқандай қорытынды бермеген.

Кеше «Семей Су арнасы» МКК-нің кеңселік ғимараттары да жарықтан қағылды. Осылай 10 күн бойы қаладағы 50-ге тарта сорап стансылары кезекпен-кезек электр көзінен ажыратылады. Біреудің кесірі біреуге тиеді, «Семей Су арнасының» белшеден батқан қарызының салдарынан қаншама қарапайым халық ауызсуды тасып ішіп, жазықсыз жапа шегетіні айтпаса да түсінікті...

Светлана ВИНТЕР, «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС Семей бөлімшесінің бастығы:

- Осы жылдың басынан бастап алты ай ішінде тұтыну мөлшері 20 млн теңгеге өсіп отыр. Ай сайынғы электр энергиясын тұтыну мөлшері 13 млн теңгені құрайды. Тұтынушы электр энергиясын үнемді пайдаланудың орнына, керісінше, тұтыну көлемі күннен-күнге артуда. Біз ішінара өздері шектеу жасасын деген өтініш-тілекпен тұтынушыға хат жолдаған болатынбыз. Хатымыз, өкінішке қарай, аяқсыз және жауапсыз қалып отыр. «KEGOC» АҚ жағынан барлық қаланы ажыратып тастамау үшін біз барлық дебиторлық қарыздың 50 пайызын құрайтын борышты кәсіпорындарға шектеу қоюға мәжбүрміз. Оларды шектеу кесте бойынша жүргізіледі. Сорап стансысын таңертеңгі уақытта ажыратып, кешкі уақытта қосып отырамыз. Бұл шектеу 10 күннің ішінде бір рет болып отырады. Борышты кәсіпорындардың офистері толығымен ажыратылады.

«ШығысЭнергоТрейд» ЖШС дебиторлық қарыздың өсуіне жол бере алмайды, өйткені дебиторлық қарыз Шығыс Қазақстан облысы үшін тиісті электр энергия көлемін сатып алу қабілеттігіне кедергі жасайды.

Назымгүл МҰҚАЖАНОВА, Жедел жәрдем стансысының дәрігері:

- Тіршілік көзінің болмауы түрлі ауруларды қоздырумен қоса, тәулік бойы атқаратын жұмысымызға да үлкен кедергі жасайды. Көптеген қиындықтар әкеледі. Гигиеналық, санитарлық-дезинфекциялық тәртіп бұзылады. Осының салдарынан көптеген ішек инфекциялары пайда болады. Бізде травматологиялық пункт бар. Онда түрлі жарақаттар жуылып, таңылады. Судың болмауы осының бәріне кері әсерін тигізеді.

Әлем МӘДИ, Семей

«Алаш айнасы» газеті 30 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519