Жұма, 29 Наурыз 2024
Біздің шенеунік 6367 16 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 12:18

Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл тураыл Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ресми хабарлады.

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды, - делінген комитеттің хабарламасында.

Айта кетейік, Біртановтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат өткен аптаның соңында тараған. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпарат енді ресми расталып отыр.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін биыл 25 қаңтардан 25 маусымға дейін басқарды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616