Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2174 0 пікір 25 Қазан, 2020 сағат 22:07

Көпвекторлылық. Сыртқы саясатта Қазақстанның ұпайы түгел ме?..

Қазақстанның 2020-2030 жылдарға арналған Сыртқы саясат туралы тұжырымдамасы бар, білесіздер. Оны биыл жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бекіткен.

Онда мемлекеттік дамудың жаңа сатысына шығу үшін жаңа экономикалық бағытты қалыптастыру қажеттігі, ол үшін көпвекторлы әрі белсенді сыртқы саясатты жүргізуі, мемлекетаралық байланыстардың қауіпсіз амалдарын іздей отырып, халықаралық нарықтар мен инвестициялар үшін мемлекетаралық бәсекелестікті күшейтуі, әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі бола отырып, Еуразия және ОА өңірідегі геосаяси һәм геоэкономикалық ойыншыға айналуы керектігі айтылған.

Бұл бағыттағы жұмыстардың айқын көрінісі ретінде ел президентінің шетел басшыларымен болған кездесулерін айтуға әбден болады. Өйткені, аталмыш кездесулерде Қазақстанның сыртқы елдермен интеграциялары ақылдасылып, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылданады.

Осы ретте біз Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазан айындағы шетелдік әріптестерімен болған кездесулері мен телефон арқылы жасалған талқыларына шолу жасағанды жөн көрдік. Сонымен, президент Тоқаев қазан айында кімдермен жолықты? Қараңыз:

1 қазан. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерін Ақордада қабылдады. Кездесу барысында шет мемлекеттердің жаңа тағайындалған елшілері президент Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Атап айтқанда: Беларусь елшісі Павел Утюпин, Финляндия елшісі Сойли Мякеляинен-Буханис, Австрия елшісі Вилли Кемпель, Мажарстан елшісі Матяш Галошфай сенім грамоталарын ұсынды.

5 қазан. Президент Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомоли Рахмонмен сөйлесті. Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев тәжік лидерін туған күнімен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекетаралық серіктестігінің перспективалары жайлы сөз еткен.

7 қазан. Президент Тоқаев РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар жайын сөз еткен. Әңгіме барысында коронавирус пандемиясымен күрестегі бірлескен іс-қимылдар мен Таулы Қарабақтағы қақтығысты һәм Қазақстан мен Ресейге де ортақ одақтас саналтын Қырғызстандағы оқиғаларды реттеу мәселелерін талқылаған. Әңгіме барысында Қазақстан президенті ресейлік әріптесін туған күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірген.

7 қазан. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлескен. Әңгіме барысында екі ел арасындағы бауырластық, сан ғасырлардан бері үзілмей келе жатқан достық пен мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамыту жайын сөз еткен.

Айта кетейік, жарты әлемге жайылған коронавирус пандемиясы басталған алғашқы кезеңде Қазақстан мен Өзбекстанның Үкімет басшылары жолығып, індетті еңсеруде өзара тәжірбие алмасқан. Бұл жолы президенттер осы бір игілікті істі ерекше атап өтті.

12 қазан. Қазақстан мен Тәжікстан президенттері телефон арқылы сөйлескен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомоли Рахмонды Тәжікстан президенті болып сайлануымен құттықтаған.

16 қазан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды Ақордада қабылдады.

Осы жолғы кездесуде екі тарап Қазақстан мен РФ арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады. Аталған жиын барысында Қазақстан мен Ресей арасында «Әскери серіктестік» туралы екіжақты меморандум қабылданған. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу аталған келісімді Қазақстан сапарының маңызды нәтижелерінің бірі деп атады.

Кездесу соңында президент Тоқаев РФ Қорғаныс министрі С.Шойгуды І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

22 қазан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корей президенті Мун Чжэ Инмен сөйлесті. Екі президент екіаралық әріптестікті, стратегиялық байланыс мен оны дамытудың келешегі жайлы сөз етті.

Оңтүстік Корей президенті 2019 жылдың сәуірінде Қазақстанға ресми іс-сапармен келіп кеткен. Сол жолы бірқатар экономикалық жобалар мақұлданған. Бұл жолы былтыр қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылуы барысын талқылады.

Айта кетейік, екі ел президенттерінің пәрменімен Алматыда «Hyundai» жеңіл автокөлік шығаратын зауыт ашылған.

Президент Тоқаев коронавирус пандемиясына қарамастан Қазақстан мен Оңтүстік Корей арасындағы тауар айналымының қарқыны бәсеңдемегенін, ДСҰ, МАГАТЭ секілді халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің ынтымақтастығы нығая түскенін атап өтті. Ал президент Мун Чжэ Ин Қазақстан президентін келер жылы Оңтүстік Корей еліне шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590