Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Билік 5585 13 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 17:21

30 жылдыққа орай рақымшылық жасалмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында биылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстардың қорытындысы қаралды. Бұл туралы Ақорда хабалады. 

Аталған жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстанда қылмыстық жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын айтты.

«Президент өз сөзінде келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді», - делінген ресми хабарламада.

Президент Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан полициясын реформалау туралы айтқандарын мына сілтемеден оқи аласыздар: Ақорда.

Abai.kz

13 пікір