Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 1654 0 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 16:07

Тұрмысы түрленген Түркістанда тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде?

Киелі көне Түркістан бүгінде күн санап түрленіп келеді. Түгел түркіге рухани астана болған Түркістанды қайта түлету мемлекеттік саясаттың басым бағыттары екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бірнеше мәрте айтты. Барлық қажетті инфрақұрылымды дамытып, облыс мәртебесіне ие Түркістанды туристік аймақ санатында дамытуды мықтап тапсырды. Осы бағытта атқарылған біраз шаруаға біз өткенде бір шолу жасап шыққан едік.

Бүгінде, Түркістанды халықаралық туристік орталыққа айналдыру үшін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар қолға алынған. Халықаралық стандарттарға сай жаңа әуежай ашылып, қолданысқа берілді. Оның максималды потениалы – жылына 3 миллион жолаушы деп есептелген. 7 мың адамға шақталған су жаңа «Түркістан Арена» стадионы тағы бар. «Алатау медиа орталығы» мен бір мың адамға лайықталған «Конгресс Холл» концерт залы, жаңадан ашылған мұражайлар мен театрлар да көне Түркістанның жаңаша түрленуінің айқын дәлелі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Түркістан облысына арнайы сапарлап барып, ондағы атқарылып жатқан шаруаларды бір тиянақтап қайтқан еді.

Бүгінгі таңда жұрты тығыз орналасқан, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері қордаланып қалған Түркістан облысын қайта түрлендіру үшір іргелі істер атқарылып жатқаны жасырын емес. Қазір жарты әлемге жайылған коронавирус пандемиясы өзгелер секілді, біздің де ел тұрмысын едәуір тұралатып қойғаны белгілі. Десе де, бүкіл ел бойынша жарияланған карантиндік шектеулерге қарамастан Түркістан қаласында һәм облыс көлемінде құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр екен. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен білдік.

Түркістан әкімдігінің ресми ақпарынан ұққанымыз, қазіргі уақта Түркістанның әкімшілік іскерлік орталығында ұзын саны 24 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр екен. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды жуырда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевің өзі барып тексерген. Құрылыс компанияларына қатаң тапсырма беріп, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына мән беруді, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырған.

Әкімдің мәліметіне сүйенсек, жоғарыда аталған 24 тұрғын үй кешенінің 22-сінің құрылысы биылғы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланыпты. Бұдан бөлек, өңірде тағы 12 қабатты 45 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр екен. Қазіргі уақта бұл үйлердің қабырғалары көтерілуде. Бұл үйлер 2021 жылы пайдалануға беріледі дейді әкімдіктегілер.

Түркістан облысында баспанаға сұраныс артқан. Осыған орай, Түркістан халқын мемлекеттік баспанамен қамту үшін арнайы ипотекалық бағдарламалармен берілетін тұрғын үйлердің санын арттыру жоспарланыпты.

Бұған қоса, Түркістанда әлемде баламасы жоқ «Керуен Сарай» атта туристік кешен құрылысы да қарқынды жұрып жатыр. Бұл көплаланы кешен.Мұнда әйгілі «Шығыс базары» мен этникалық форматтағы мейрамханалар, қонақжайлар ашылатын болады. Сонымен қатар, көне шығыс театры, ұлттық үлгідегі дәмханалар, саябақтар мен келушілер демулатын арнайы жасанды көлдер салынады. Бұдан бөлек, шеберлер көшесін ашу жоспарланған. Онда он саусағынан өнер тамған шеберлер мен ұсталар турситерге арнайы кәдесыйлар соғып, сатады.

Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында «Желілік саябақ», «Оқушылар сарайы», «Конгерсс Холл», «Аттракциондар саябағы», «Яссауи мұражайы» мен «Драма театр» құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Бұл нысандар биылғы жылдың соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланыпты.

Бүгінде әлем жұртын әбігерге салған пандемия дағдарысына қарамай,  Түркістан өңірінде рухани-мәдени, тарихи ортлықтарды қайта жөндеуден өткізіп, абаттандыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынған.

Бір сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түркістан жалғыз қазақтың ғана емес, күллі түркі жұртының киелі мекені. Түркістан нешеме ғасырлық адамзат тарихының куәгері. Жаһанға мақтанатындай өркениет жауһары. Түгел түркі жұртының тәу етер темірқазығына айналған Түркістан – қазақтың арғы-бергі тарихында ел басқарған тұлғалардың ат басын бұрған алтын ордасы. Оны дамыту үшін мемлекет қажетті шараларды қабылдайды», - деген еді.

Ал быртылғы жылғы Түркітан сапарында: «Мемлекет қазынасынан бөлінетін шығыстар әуелі – ел-жұрттың тұрмыстық проблемаларын, қарапайым халықтың күнделікті мәселелерін шешуге жұмсалуы керек. Ол – ауыс су мәселесі. Ол – тұрғын үй мен баспана мәселесі. Ол – жұмыспен қамту мәселесі т.б. Адамдар жайлы өмір сүру үшін қажетті барлық инфрақұрылымдар жасалуы керек. Жұртты алаңдататын негізгі мәселе осы.  Біз, әуелі осы мәселелерді шешуді міндеттеуіміз керек. Алдағы уақта мен министрлер мен әкімдірдің жұмыстарын осындай нақты мәселелерді шешу нәтижесімен бағалайтын боламын», - деген Мемлекет басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3502