Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
7300 7 пікір 28 Қазан, 2020 сағат 18:46

Kaspi Bank-тің төрағасы Михаил Ломтадзе миллиардерлер тізіміне енді

Kaspi Bank-ке иелік ететін Грузиялық қаржыгер Михаил Ломтадзе Лондон қор биржасында қазақстандық Kaspi.kz компаниясының акцияларын орналастырғаннан кейін долларлық миллиардерге айналды. Бұл туралы Новости-Грузия жазды. 

Forbes мәліметтері бойынша, компанияның акциялары бастапқыда 38 доллардан саудаланып, соңында 46,9 долларға жетті. Компанияның жалпы 4,4 миллион акциясы сатылған. «Бұл орташа есеппен күніне 3,8 миллион акцияны сататын ресейлік [жоғары технологиялық компания] Яндекс-тен көп».

«Бұл - екінші ірі IPO ал, тұтастай алғанда Еуропадағы төртінші IPO», - деп жазады газет.

Осы сәттен кейін Kaspi.kz Қазақстандағы ең құнды қоғамдық компанияға айналды, ал Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе әлемдік миллиардерлердің элиталық клубына кірді.

Листингке дейін Ким компанияның шамамен 32 пайыз, Ломтадзе 26 пайыз акцияларына иелік еткен. Сонымен, Bloomberg Billionaire индексіне сәйкес, егер IPO құны 33,75 долларды құраса, олардың байлығы сәйкесінше 1,9 және 1,8 млрд долларды құрайды.

Халықаралық басылымдар қарапайым банктен «қаржылық технологиялардың алыбына» дейін өскен осы ұйымның тарихына назар аударды, деп жазады «Азаттық».

«Covid-19 салдарынан Қазақстан экономикасы мұнай бағасының құлдырауына және тежеліске ұшыраған кезде Kaspi-дің таза пайдасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 50 пайызға өсті, ал банктің мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны өткен жылы 72 пайызға өсті. Айына 7,8 миллион қолданушы шотты төлей алады және несие ала алады, жеке қаржыны басқару құралын қолдана алады», - деп жазады Bloomberg.

Айта кетейік, Михаил Ломтадзе 2007 жылдан бастап Kaspi Bank АҚ Басқарма төрағасы. Ол 2017 жылы Грузия төлқұжаты бар екенін және Қазақстан азаматтығын алу жоспарында жоқ екенін айтқан.

2020 жылы маусымда Михаил Ломтадзе коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін Қазақстан Президенті белгілеген «Халық алғысы» медальімен марапатталды.

Abai.kz

7 пікір