Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
2707 0 пікір 28 Қазан, 2020 сағат 16:15

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді

Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді. Енді дәмханалар мен сауда орталықтары демалыс күндері жабық болады.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, "коронавирус инфекциясының жағдайына байланысты карантин режимі мен мерзімі өзгеруі мүмкін".

Сыдыманов барлық бассейнді жабу туралы қаулы шығарды. Отбасы мүшелерінен басқа, тұрғындарға әлі де үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шықпауға кеңес берілді.

Топтасып жаттығу жасағанда 5 адамнан артық болмауы керек.

Базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін 30 пайыздан асып толмай жұмыс істейді, ал ойын-сауық сауда орталықтары осындай шартпен сағат 22.00-ге дейін ашық болады. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сондай-ақ дәмхана, мейрамхана және тамақ ішетін басқа орындарда демалыс күндері тек жеткізу қызметі жұмыс істейді. Жұмыс күндері 30 адамнан артық адам отырмауы керек.

Abai.kz

0 пікір