Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 08:42

Альянс банк KASE-тегі облигациялар бойынша техникалық дефолт туралы жариялады

Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ –«Альянс банк» АҚ Қазақстандық қор биржасында  (KASE) саудаланатын облигациялары бойынша төлемдерді кешіктіретінін хабарлады. KASE сейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«Альянс банк» KASE- ке ресми хатпен өзінің бес жылдық облигациялары (номиналы 1000 теңге, жалпы көлемі 5 млрд теңге, жарты жылдық купондық мөлшерлемесі 8,5 жылдық пайыз, өтеу мерзімі 26 желтоқсан 2011 жыл) бойынша бесінші купондық сыйақы бойынша төлемді кешіктіретінін хабарлады. Аталған облигациялардың шығарылым проспектісіне сәйкес, «Альянс Банк» АҚ бұл сыйақыны 2009 жылдың 26 маусымында төлеуге тиіс», - делінген KASE хабарламасында.

Хатта айтылғандай, банк тарапынан түсініктемелер екі аптадан кейін жасалады.

«Альянс банк» АҚ бұл хатпен... 26 маусымда банк бірінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бесінші шығарылым облигациялары бойынша купондық сыйақы төленбегенін хабарлайды. Банк тиісті түсініктемелерді 2009 жылдың 7 шілдесінде жасайды», - делінген банктің хатында.

KASE-те 14 компания өздерінің ішкі міндеттемелері бойынша дефолтқа жол берді. Үш компания инвесторлардың алдындағы қарызын толығымен өтеді, біреуі бір бөлігін ғана жапты. «Эль-дос» АҚ құнды қағаздары дефолтқа байланысты тізімнен шығарылды. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) 2009 жылдың 1 маусымында облигациялар эмитенттерінің 21 дефолтын тіркеді, оның ішінде KASE-те де дефолтқа жол бергендер бар.

ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, Альянс банк активтерінің көлемі бойынша Қазақстанда алтыншы орында. 2009 жылдың қаңтар-мамырында банктің активтері 651,3 млрд теңгені, жеке капиталы – «минус» 438 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде банктің таратылмаған шығыны 595,1 млрд теңгені құрады. 2009 жылдың 2 ақпанында мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы «Сеймар Альянс» қаржы корпорациясынан банктің  76% қарапайым акцияларын пакеті үшін 100 теңгеге сатып алатынын жария етті. Бұған айырбас ретінде банкке 24 млрд теңге қаржылай көмек көрсетілуі тиіс. ҚР БҚА ҰӘҚ-ға банктің акцияларын сатып алуға 2009 жылдың 3 маусымында рұқсат берді. Акцияны сатып алу туралы келісімшарт әлі күнге дейін жүзеге асырылған жоқ. 13 сәуірде «Альянс банк»  сыртқы займдарын қайта құрылымдайтыны және 2009 жылдың 19 наурызында және 10 сәуірінде өтелуі тиіс міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергенін мәлімдеді.

0 пікір