Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 3331 3 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 17:07

Тоқаев: Мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңдықайта қарау керегін айтты. Бұл туралы ол өзінің Твиттер желісіндегі парақшасында жазды. 

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деді Президент.

Айта кетейік, 2012 жылы Атырау тұрғынына автокөлікке Қазақстан туын байлап жүргені үшін 323 600 теңге айыппұл салынған еді.

2015 жылы елорда тұрғындарына балконға ту ілгені үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.  Сол кезде ер адам ту ілу патриот екенін көрсетудегі дәстүрі екенін және ол мұны Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін ілгенін айтқан еді.

Abai.kz

3 пікір