Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2680 3 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 13:18

«Ауыл» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысады. Бұл туралы партияның саяси кеңесінің отырысында айтылды. 

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні туралы жарлық шығарды. Бұл - біз үшін үлкен саяси оқиға. Біз Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан саяси партияның бірі ретінде осы саяси науқанға қатысуға толық құқылымыз. Партиямыз құрылғалы жиырма жылда мақсатымыз, жұмысымыздың мазмұны, саяси платформамыз өзгерген жоқ. Соңғы бес жылда 52 мыңнан астам Қазақстан азаматы партия қатарынан көрінді. Партиямыздың идеясын қолдаушылар жылдан жылға өсіп келе жатыр. Алдағы сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатысуы туралы ұсыныс енгіземін», - деді «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Саяси кеңеске қатысушылар қазір елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға тоқталып, өз ойларын білдірді.

«Туғаннан ауылда тұрамын. Бар үмітім ауылмен байланысты. Ауыл халқы «Ауыл» партиясына үлкен үміт артып отыр. Ауылдағы ағайынның үмітін үзбей, аманатын арқалап саяси додаға қатысқанымыз дұрыс деген ойдамын», деді «Ауыл» партиясының мүшесі, «Шопан Ата» қой өсірушілер қоғамының басшысы Алмазбек Садырбаев.

Саяси кеңес отырысында партия төрағасы Әли Бектаев «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысуын дауысқа салып, кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Саяси Кенес мүшелері 18.11.2020 жылы партияның кезектен тыс XVII Съезін өткізуін бекітті. Сонымен қатар Съезде партиялық тізім мен сайлауалды бағадарлама қабылданады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516