Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 08:41

Ақтөбелік прокурорлар медициналық мекемелерді тексеру барысында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

Ақтөбе. 30 маусым. ҚазТАГ – Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелерді, соның ішінде құрт ауруына қарсы облыстық диспансерді тексеру кезінде көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

«2008 жылдың мамырында қажет жабдықтарды сатып алуға 14 млн теңге бөлінгеніне қарамастан, диспансер осы уақытқа дейін автоматты гематологиялық және планшетті иммуноферментті анализаторлармен қамтамасыз етілмеген», - деп мәлім етті меморгандардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарманың аға прокуроры Бауыржан Жұмақанов.

Мемлекеттік мекеменің басшылығы медициналық жабдықтарды жеткізу мерзімінің өтіп кеткені үшін 4 468 552 теңге көлемінде айыппұл өндіріп алмаған.

Жергілікті бюджеттен тағы 56 млн теңге құрт ауруына қарсы диспансердің канализациялық ағындарын залалсыздандыру үшін хлораторлық қондырғыны орнатуға бөлінген. Аталған жабдықтарды орнату 2008 жылдың қарашасында аяқталды, алайда осы уақытқа дейін ол жұмыс істемей тұр.

Облыстағы медициналық мекемелердің ҚР лицензиялау туралы заңды бұзу жағдайлары да бар. «М. Оспанов атындағы Батысқазақстандық мемлекеттік медициналық академия» РМКК медициналық орталығының қызметін тексеру барысында медициналық орталық функциональді диагностика, диетология, уқалау  бойынша қызметтерді ешбір лицензиясыз көрсеткен».

«Медорталық 6 610 000 теңге сомаға балалар кардиохирургиясы үшін құралдар жиынтығын сатып алған. Алайда балалар кардиологиясы саласында мемлекеттік лицензиясы болмағандықтан, бұл жиынтық қолданылмай отыр», дейді прокуратурадағылар.

Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсеткені үшін дәрігерлердің ақы алу оқиғалары да анықталған.

0 пікір