Жұма, 26 Сәуір 2024
3828 1 пікір 22 Қазан, 2020 сағат 11:55

2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің саяси реформалар жөніндегі тобы ауыл әкімдерін сайлауға қатысты ұсыныстарын жария етті.

«Ауыл әкімдерін сайлау туралы бұл идеяны Президент өз Жолдауыңызда да айттыңыз. Бұл жерде де жалпыға тең және төте сайлау өткізу керек. Дауыс беру жасырын түрде болуы тиіс. Келесі жылы кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек.

Мысалы егер сайлау оң нәтиже берсе оны кезең-кезеңмен басқа деңгейде де жүзеге асыру дұрыс деп санаймыз. Бұл жерде кез келген азаматтың сайлану құқығын шектемеу керек деп есептейміз», - деді Ұлтық кеңес мүшесі Максим Споткай кеңестің төртінші отырысында.

Оның айтуынша ауыл әкімі лауазымына үміткерлерге қойылатын талап та жеңіл болуы керек.

«Ол үшін үміткердің 25 жасқа толуы, тиісті елдімекен аумағында соңғы үш жылда тұрақты тұруы, жоғары немесе орта арнаулы білімі болуы шарт. Халқымызда «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бар. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау бастамасы шын мәнінде халық пен билік арасын жақындастыра түседі деген сенімдеміз», - деді ол.

Abai.kz

1 пікір